Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Егиндыкольского района

Ереже · № 6С17-3 · қабылданған 05.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117511/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Егиндыкольского района Күшін жойған Ереже ·№ 6С17-3 ·05.12.2017
14.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Егиндыкольского района

Күшін жойған Ереже ·№ 6С17-3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Егиндыкольского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С17-3
Қабылданған күні
05.12.2017
Көрсетілген редакция
14.09.2021 117511_539125.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BH006238
ЭКБ идентификаторы
117511
Редакция идентификаторы
117511_539125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:01

0 Сот шешімімен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Егіндікөл ауданының әкімі
____________________ Н.Төлепов
2017 жылғы 5 желтоқсан

3 Егіндікөл аудандық

мәслихатының
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 6С17-3 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сот шешімімен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Егіндікөл ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Иесіз қалдықтарды Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Егіндікөл ауданының жергiлiктi атқарушы органымен (бұдан әрі - жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органы комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.

Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою

бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органы комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы