Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 330 · қабылданған 26.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117534/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 330 ·26.12.2017
19.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 330 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330
Қабылданған күні
26.12.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2019 117534_393843.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SF004477
ЭКБ идентификаторы
117534
Редакция идентификаторы
117534_393843
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:24

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдгінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде әкімдіктің осы қаулысының көшірмесін қағаз және электронды түрінде қазақша және орысша тілінде Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауына және Қазақстан Республикасының Нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосуға;

3

3) оны ресми жариялағаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдгінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Явленка орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері
__________________ А.Барабаш
«26» желтоқсан 2017 ж.

0 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «26» желтоқсандағы
№ 330 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота
пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша)
56
2%
1

Қолданыстағы