Об утверждении Методики по формированию показателей и расчета валового выпуска промышленной продукции (товаров, услуг)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики по формированию показателей и расчета валового выпуска промышленной продукции (товаров, услуг)
- Атауы (қаз.)
- Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 20.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2022 117539_609402.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016171
- ЭКБ идентификаторы
- 117539
- Редакция идентификаторы
- 117539_609402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:41
0 Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы №427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына
(Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы
20 желтоқсандағы №202 бұйрығымен бекітілді
Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістеме
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2 2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымы көрсеткішін қалыптастыру және есептеу кезінде қолданады.
3 3. Әдіснамалық негіз ретінде 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіп статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар және өнеркәсіп өндірісінің индексі бойынша халықаралық ұсынымдар пайдаланылды.
4 4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
1 1) аутсорсинг (сыртқы мердігерлік) – негізгі өндірістік бірліктің (тапсырыс беруші) тауар немесе қызмет өндіру бойынша тапсырыс берушінің толық немесе ішінара қызметін қамтитын негізгі функцияларды басқа өндірістік бірлікке (мердігерге) мердігерлікке беру;
2 2) мекеме – бұл бір орында болатын және өндірістік қызметтің тек бір ғана түрімен айналысатын немесе негізгі қызмет түріне қосылған құн салығының басым үлесі тиесілі кәсіпорын немесе кәсіпорын бөлігі;
3 3) өнеркәсіптік өндіріс индексі – өнеркәсіптегі қосылған құнның физикалық мөлшерінің уақыт бойынша өзгерісін көрсететін өнеркәсіптік статистиканың қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші;
4 4) өнеркәсіптегі жалпы қосылған құн – өндірістік өнім шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық;
5
5) өнеркәсіп өнімінің жалпы шығарылымы – өнеркәсіптік бірліктердің жалпы өндірістік қызметінің нәтижесі түпкілікті тұтыну үшін кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ескере отырып, осы мекеме шегінде нақты өндірілген немесе көрсетілген, осы мекемеден тыс жерде пайдалану үшін қолжетімді барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қосынды құны.
5
5. Өнеркәсіптік мекемелердің жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы деректері, қызметінің қосалқы түрі «Өндіріс» болып табылатын кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер шаруашылықтары өндірген өнім көлемдері, үй шаруашылықтарындағы шығыстар мен кірістер бойынша зерттеу деректері өндірістік өнім (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер) көрсеткіштерін қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
2 2-тарау. Өнеркәсіп өнімдерінің көрсеткіштерін қалыптастыру көздері
6 6. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішіне сәйкес өнеркәсіптік статистикаға мына секторлар жатады:
тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;
өңдеу өнеркәсібі;
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау;
сумен жабдықтау;
қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет.
7 7. Өнеркәсіптік өнімнің көрсеткіштерін қалыптастыру үшін статистикалық ақпарат ай сайын былай қалыптастырылады:
жаппай есепке алу: есепті айдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен жөнелту туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша орта, ірі және шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден жоғары) өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша;
есепті түрде: шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден асатын кәсіпорындарды қоспағанда) өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша жете есептеу жүзеге асырылады - соңғы тоқсанға шағын өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісінің тоқсандық көлемі 1/3;
қызметінің қосалқы түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындар бойынша (қызметкерлерінің санына қарамастан) - соңғы тоқсанға қызметінің қосалқы түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындардың тоқсандық көлемі 1/3;
дара кәсіпкерлер бойынша – соңғы есепті кезеңге дара кәсіпкерлер қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жылдық деректерінің 1/12 бөлігі;
үй шаруашылықтарының секторы бойынша – үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері.
3 3-тарау. Өнеркәсіптік өнімдердің көрсеткіштерін қалыптастыру
1 1- парагаф. Өнеркәсіптік өндірістің индексі
8
8. Өнеркәсіптік өндірістің индексін (бұдан әрі - ӨӨИ) есептеу үшін Ласпейрес типіндегі физикалық көлем индексі пайдаланылады, оның арифметикалық нұсқасы b (мұнда b ≤ 0) кезеңінде wi, b салмағын пайдаланумен алынған жеке сандарының салмақталған орташа қатынасын білдіретін Юнга индексі болып табылады. Юнга индексі салмақ және индексті есептеу (b=0) үшін базистік кезең сәйкес болған кезінде Ласпейрес индексіне тең. Практикада базистік кезең салмағы үшін (b) айтарлықтай ұзақ кезең 0 және t. Салмақты есептеу жылдық кезеңнің шығындары туралы деректерге негізделеді және саны туралы деректер айға алынады және аса кеш жылға жатады.
9 9. ӨӨИ есептеу келесі формулалар бойынша жүзеге асырылады:
(1)
мұндағы,
it/b– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;
qt және qb – тиісінше, есепті және базистік кезеңдердегі өнім мөлшері;
pb– базистік жылдағы орташа жылдық баға.
(2)
мұндағы,
it-1/b– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда
t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;
qt-1– өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі өнім мөлшері;
qb– базистік кезеңдегі өнім мөлшері;
pb– базистік жылдағы орташа жылдық бағасы.
(3)
мұндағы,
it/t-1– (1) және (2) формулаларда есептелген индекстерді бөлу жолымен алынатын t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті айымен немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;
it/b– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;
it-1/b– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер. t-1 кезеңіндегі өндіріс көлемімен t уақыт кезеңіндегі өндіріс көлемін салыстыру базистік жылдың орташа айлық мәнінен осы екі көлемнің ауытқуларын салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
10
10. ӨӨИ есептеуінде құндық шығарылым көлемдерін пайдаланған кезде, физикалық шығарылым көлемдеріне өту үшін сәйкес келетін дефлятор пайдаланылады. Дефляторлау екі компоненттен: баға компоненті және физикалық көлем компонентінен тұратын деректерден физикалық көлем (өнімнің физикалық саны және сапасы) компонентін айқындау арқылы акнықталады. ӨӨИ есептеу кезінде өнеркәсіптік өнім өндірушілерінің баға индексін пайдалану арқылы дефляторлау әдісі қолданылады. ӨӨИ-ін есептеу алгоритмі Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесінде келтірілген.
11 11. Өнеркәсіптегі қосылған құнның қысқа мерзімдік өзгерісінің ең жақсы аппроксимациясын алу ӨӨИ-ін құру кезіндегі міндет болып табылады. Қосылған құнды есептеу негізін шығарылымның құндық көлемі және физикалық мәндегі шығарылым көрсеткіштері құрайды.
12
12. Шығарылымның құндық көлемі сол мерзімде өндірілген және мерзімдегі басым бағада бағаланған кезеңде сату үшін де, сондай-ақ өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Өндіріс құрылымын өзгертуге әсер ететін процестерді қоспағанда (атап айтқанда, аутсорсинг және аутстаффинг), қосылған құн мен шығарылым көлемі қысқа мерзім ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.
13
13. Аутсорсинг үш қалыпта жүзеге асырылады: қосымша функциялардың аутсорсингі, өндіріс процесі бөліктерінің аутсорсингі, барлық өндірістік процестің аутсорсингі. Аутстаффинг кезінде жұмыспен қамту бойынша агенттіктің немесе ұқсас ұйымдардың өнеркәсіптік мекемелерін кадрлық ресурстар ұсынуы жүзеге асырылады.
2 2-параграф. Өндірістің нақты және құндық мәндегі көлемі
14
14. Физикалық көріністегі өндіріс көлемі өнімдер өндірісі даналармен, тонналармен, литрлермен өлшенгенде анықталады. Сапалы сипаттамалар қарастырылатын кезеңде өзгермейтін біртекті өнімдер өндірісі кезінде осы тәсіл қолданылады. Тауардың сапалы сипаттамалары оны экономикалық жағынан басқалардан айыруға болады және әр уақытта өзгеруі мүмкін. Өнімдер сапасының өзгерісі өнімдер физикалық көлемінің өзгерісіне кіреді және ӨӨИ есептеу кезінде есепке алынады. Физикалық көріністегі шығарылым гамогендік өнімдер өндірілетін салаларда салаларда өнеркәсіптік өндірісті өлшеген кез пайдаланылады және оның сапасы уақыт өте келе өзгеріссіз қалады.
15
15. Өндірістің нақты мәндегі көлемі туралы статистикалық ақпарат кәсіпорындар бойынша және сала ауқымында олардың жеке түрлерінің жиынтық қорытындысын алуды қамтамасыз ететін өнімдер атауының белгіленген тізбесіне сәйкес қалыптастырылады. Өндірістің нақты мәндегі көлемі есепке алудың біркелкілігін және деректерді жинақтауды қамтамасыз ететін өлшем бірліктерде өзінің түпкілікті тұтынуы үшін өнімді қоса алғанда жалпы шығарылым бойынша есепке алынады.
Өндірістің нақты мәндегі көлемі туралы көрсеткіштер өнеркәсіптік өнімді өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметін ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық тобы бойынша есепке алынады.
16
16. Өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі құндық мәнде өндіруші кәсіпорындардың бағаларында есептеледі, яғни қосылған құн салығы және акциздер, сауда және өткізу үстемесі, өндірушіден сатып алушыға өнімнің қозғалысына байланысты көлік және басқа да шығыстар есепке алынбайды. Өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлеміне өткізуге арналған өнімнің, одан әрі қайта өңдеуге арналған тауарлардың, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) (ағымдағы жөндеуден және меншікті негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуден басқа) құны енгізіледі. Өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірілген өнімнің көлеміне олардың құны бойынша, бұл ретте жұмсалған меншікті қосалқы материалдардың құнын қоса алғанда, бірақ тапсырыс берушіден алынған бұйымдар мен материалдардың құнынсыз енгізіледі.
3 3-параграф. Жөнелтілген өнімнің құндық көріністегі көлемі
17 17. Жөнелтілген өнімнің құндық көріністегі көлемі – есепті кезеңде аталған мекеменің барлық өндірілген тауарларын сыртқа беруі. Мекеме өндірген тауарлардың санына аталған мекемеден жіберілген материалдардан жасалған басқа да ұйымдардың тауарлары қосылады.
18
18. Жөнелтілген тауарлардың құны клиенттерге берілген шот-фактураларға енгізілген барлық шығындар қоса алғанда, тұтынушы (жіберілген бағасы немесе жеткізу бағасы) үшін тағайындалған мекеменің бағасы бойынша есептеледі, шығыстар көлік операциялары (аталған мекеменің көлік құралдарымен де жүзеге асқан, сондай-ақ басқа да сыртқы ұйымдар да жүзеге асқан) шығыстарына қатысты жекелеген шоттарға енгізіледі. Осы позициядан қайтарылған ақшалай қаражат, тұтынушыларға ұсынылған қайтарылатын тауарларға бағалық жеңілдіктер, сондай-ақ қайтарма қаптамасының құны шегеріледі. Сату бойынша есептілікте сату көлемдерінен шегерілетін ақшалай нысандағы жеңілдіктер кіреді. Құндық бағалаудан аталған мекеме дайындаған өнімге салынатын барлық баждар және салықтар, соның ішінде клиент үшін шот-фактураға енгізілетін қосылған құн салығы да алынып тасталады.
4 4-тарау. Өндірістің технологиялық қарқындылығы негізінде өнеркәсіп салаларын жіктеу
19
19. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымдық өзгерістері ең алдымен оның неғұрлым жоғары қосылған құны бар жаңа және жылдам дамып келе жатқан салаларды құру қабілетін көрсетеді. Өңдеу өнеркәсібінің пайдаланылатын салалық жіктеуішінің негізін Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструктивтік жетілдіруге арналған салалық шығыстарды қосылған құн мөлшері және өндіріс статистикасымен байланыстыратын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жіктеуіші құрайды.
20 20. Шикізатты өңдеуді негізінен еңбекті көп қажет ететін өндірістік процестер және төмен капитал сыйымдылығымен сипатталатын, технологиялары төмен деңгейлі қызмет түрлері құрайды.
21 21. Төмен технологиялы өндіріске Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің төмендегі бөлімдеріне сәйкес келетін, көп капиталды қажет ететін, технологиялары төмен деңгейлі өңдеу өнеркәсібінің саласы жатқызылады:
тамақ өнімдерін өндіру;
сусындар өндіру;
темекі өнімдерін өндіру;
тоқыма бұйымдарын өндіру;
киім өндіру;
былғары және оған жататын өнімдерді өндіру;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;
қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту;
жиһаз өндіру;
өзге де дайын бұйымдар өндіру.
22
22. Жоғары технологиялы, орта жоғарғы технологиялы және орта технологиялы өңдеу өндірісі неғұрлым күрделі технологиялармен, біліктілікке деген жоғары талаптармен, кешенді оқыту мен технологиялық белсенділікпен сипатталады. жоғары технологиялық өндірістерде ғылыми әзірлемелерге, технологиялық инфрақұрылымға жоғары инвестициялары, арнайы техникалық дағдылардың деңгейі және тығыз институционалдық өзара іс-қимылы бар озық тез өзгеретін, Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің келесі бөлімдеріне сәйкес келетін технологиялар қолданылады:
жоғары технологиялы:
негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру;
компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;
орта және жоғары технологиялы:
химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;
электр жабдықтарын өндіру;
басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;
автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру;
басқа көлік құралдарын өндіру;
орта технологиялы:
кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру;
өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру;
металлургия өндірісі;
машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;
машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
5 5-тарау. Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымын есептеу
23
23. Өнеркәсіптік өндіріс статистикасы көрсеткіштері жүйесіндегі нақты өнім түрлерін өндірді сипаттау үшін пайдаланылатын физикалық көрсеткіштер орталық орын алады. Өнеркәсіптік өндірістің жиынтық сипаттамалары үшін әр текті өнім түрлерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып сала қызметінің жиынтық қорытындысын алуға мүмкіндік беретін құндық көрсеткіштер қолданылады.
24
24. Өнеркәсіптік өндіріс статистикасының негізгі жиынтық құндық көрсеткіші өнеркәсіптік өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымы болып табылады, есептеу экономикалық қызмет түрлерінің жіктеліміне сәйкес жалпы секциялар, бөлімдер мен топтар бойынша жүзеге асырылады. Жалпы шығарылымды есептеу өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің жекелеген санаттарының, соның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрі "Өнеркəсіп" болып табылатын кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер шаруашылықтары, үй шаруашылықтары деңгейінде жүргізіледі. Өнеркәсіптік өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымын есептеу ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізде жүргізіледі.
25 25. Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлар, көрсетілген қызметтер) жалпы шығарылым бойынша деректер жасырын және бейресми қызметін ескере отырып, қаржылық емес сектор бойынша қалыптасады:
(4)
мұндағы,
- тұтастай өнеркәсіп саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылым көлемі;
- қаржылық емес сектор өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемі;
- формальды емес сектор өнімдерінің жалпы шығарылымы;
Өнеркәсіптік өнімнің жалпы шығарылымын жалпы өнеркәсіп бойынша шартты есептеудің мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
26 26. Қаржылық емес сектор кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымының көлемі келесі формуламен анықталады:
(5)
мұндағы,
- заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің қаржылық емес сектордағы өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі;
- сыртқа өткізуге арналған өнімді ескеріп, қаржылық емес сектордың өндірілген өнімдер (тауар шығарылымы) көлемі;
Vізз- аталған мекеме ішінде өзінің пайдалануы үшін өнімдер көлемі;
- есепті кезеңнің басына және аяғына аяқталмаған өндіріс қалдықтарының құны;
V онделме- басқа кәсіпорындарға өңдеуге берілген өңделме шикізат құны.
27 27. Қаржылық емес сектор бойынша қолданыстағы бағалардағы тауарлық шығарылым ай сайын мынадай формула бойынша есептеледі:
- негізгі және қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер шаруашылықтарының қолданыстағы бағадағы өндірілген өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтерінің) көлемі;
- ай сайынғы статистикалық байқау деректері бойынша алынған, орта, ірі және шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден жоғары) өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағада өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;
- тоқсан сайынғы статистикалық байқау деректері бойынша алынған, шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден асатын кәсіпорындарды қоспағанда) өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағадағы өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;
- тоқсан сайынғы статистикалық бақылау деректері бойынша алынған, қосалқы қызмет түрі «Өнеркәсіп» болып табылатын кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағадағы өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;
- дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер шаруашылықтары өндірген өнім көлемі.
28
28. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын шаруа немесе фермер шаруашылықтары өндірген өнім көлемі дара кәсіпкерлердің өнім көлемінде есепке алынады және дара кәсіпкерлер қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негізінде қалыптастырылады.
29 29. Қаржылық емес сектор өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі статистикалық себептер бойынша жасырын қызметке жете есептеумен есептеледі, яғни кәсіпорындарды толық қамтымау және шығарылатын өнім туралы есепті алмау:
мұнда:
- статистикалық себептер бойынша жасырын қызметті жете есептеуді есепке алумен қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі;
- қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі;
- статистикалық себептер бойынша жасырын қызметтің өндірілген өнім көлемі.
30 30. Статистикалық себептер бойынша өндірілген жасырын өнім көлемін анықтау үшін кәсіпорындардың толық қамтылмағандығына және шығарылған өнім туралы есептіліктің алынбағандығын жете есептеу жүзеге асырылады:
(8)
мұндағы,
- статистикалық себептер бойынша өндірілген жасырын өнім көлемі;
V шагын- алдыңғы жылға шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемі;
- алдыңғы жылға белсенді шағын кәсіпорындар саны;
- алдыңғы жылға есеп берген шағын кәсіпорындар саны;
- шығарылым туралы мәліметтері жоқ немесе өнім көлемі төмендетілген кәсіпорындар санының айырмашылығын көрсетеді.
31
32
32. Қаржылық емес өнеркәсіптік қызметтің көлемін анықтау үшін іріктемелі байқаулар жүйесіне негізделген есептік әдістер пайдаланылады. Қаржылық емес секторға үй шаруашылықтары үшін сипатты келесі қызмет түрлері бойынша жанұя бюджетін тоқсандық іріктемелі зерттейтін деректер негізінде есептелетін үй шаруашылықтарындағы тауарлар өндірісі:
тамақ өнімдерін өндіру: етті қайта өңдеу және консервілеу, ет өнімдерін өндіру; балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу; жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу; өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру; сүт өнімдерін өндіру; ұн тарту өнеркәсібінің өндірісі, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру; нан және ұн өнімдерін өндіру; басқа да тамақ өнімдерін өндіру; жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру;
сусындарды өндіру;
тоқыма өнімдерін өндіру;
киім өндіру;
жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру;
сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;
өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру жатады.
33 33. Қаржылық емес сектордың өндірген өнімінің көлемі ай сайын мынадай формула бойынша есептеледі:
(10)
мұндағы:
- қаржылық емес сектордың өндірген өнімінің көлемі;
Vуй- ағымдағы кезеңде қолданыстағы бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі.
34 34. Ағымдағы кезеңде қолданыстағы бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
(11)
мұндағы:
Vуй - ағымдағы кезеңде қолданыстағы бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі;
- ағымдағы кезеңде базисті бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі;
Iбага- базистік жылдың ұқсас кезеңіне ағымдағы кезеңнің баға индексі.
35 35. Ағымдағы кезеңде базисті бағадағы (алдыңғы жылдың бағасында) үй шаруашылықтары өндірген өнім көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
(12)
мұндағы,
- ағымдағы кезеңде базисті бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі;
- базисті кезеңде базисті бағадағы үй шаруашылықтарында өндірілген өнім көлемі;
Iуй- базистік жылдың ұқсас кезеңіне ағымдағы кезеңнің үй шаруашылықтарындағы нақты көлем индексі.
1 Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемеге 1-қосымша
Тұтастай өнеркәсіп бойынша өнеркәсіптік өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымын есептеу мысалы (шартты мысал)
миллион теңге (бұдан әрі – млн.теңге)
Қызмет түрлерінің атауы
Коды
Қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі, млн.теңге
Базистік кезеңнің базистік бағалардағы үй шаруашы-лықтарының көлемі,
млн. теңге
Үй шаруашы-лықтары секторының нақты көлем индексі,
%-бен
Ағымдағы кезеңнің базисті бағалардағы үй шаруашы-лықтарының көлемі,
млн. теңге
Баға индексі,
%-бен
Ағымдағы кезеңнің қолданыстағы бағадағы үй шаруашы-лықтарының көлемі,
млн. теңге
Тұтастай өнеркәсіп бойынша өнімнің жалпы шығарылы-мы көлемі,
млн. теңге
А
Б
1
3
4
5=3*4 %
6
7=5*6 %
8=1+7
Өнеркәсіп - барлығы
8 603 053
141 570
83,3
117 928
108,7
128 188
8 731 241
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
B
4 720 516
4 720 516
Көмір және лигнит өндіру
05
131 750
131 750
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру
06
3 788 914
3 788 914
Табиғи газды өндіру
06.2
36 617
36 617
Мұнай және газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер
09.1
186 708
186 708
Уран және торий кенін өндіру
07.21
17 110
17 110
Металл кендерін өндіру
07
490 810
490 810
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары
08
68 607
68 607
Өңдеу өнеркәсібі
C
3 418 407
141 570
83,3
117 928
108,7
128 188
3 546 595
Тамақ өнімдерін өндіру
10
450 460
128 490
82,5
106 004
109,1
115 651
566 111
Темекі өнімдерін өндіру
12
63 938
63 938
Тоқыма бұйымдарын өндіру
13
30 801
9 860
94,2
9 288
106,6
9 901
40 702
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру
15
3 730
3 730
Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру
16
8 507
1 320
88,5
1 168
107,1
1 251
9 758
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
17
71 310
71 310
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19
327 261
327 261
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру
20
93 928
93 928
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
22
57 617
57 617
Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру
23
261 308
1 900
80,3
1 526
96,5
1 472
262 780
Металлургия өнеркәсібі
24
1 686 067
1 686 067
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру
28
113 446
113 446
Компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді өндіру
26
66 833
66 833
Автокөлік құралдарын, трейлерді және жартылай тіркемелерді өндіру
29
117 398
117 398
Өзге де дайын бұйымдарды өндіру
32
65 803
65 803
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
D
және
Е
464 130
464 130
2 Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың,
көрсетілетін қызметтердің)
көрсеткіштерін қалыптастыру
және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемеге 2-қосымша
Қаржылық емес сектор өнеркәсіптік өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу мысалы (шартты мысал)
млн. теңге
Қызмет түрлерінің атауы
Коды
Сыртқа өткізу үшін тағайындалған өнімдер есебімен өндірілген өнім (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі
Осы мекеменің ішінде өзінің қажеттілік-тері үшін өнім көлемі
Аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісі
Басқа кәсіпорындарға өңдеуге берілген шикізаттың құны
Жасырын және бейресми қызметі есебімен қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі
А
Б
1
2
3
4
5=1+2+3+4
Өнеркәсіп - барлығы
7 624 543
793 456
7 552
125 280
8 550 831
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
B
4 445 328
269 811
1 150
4 149
4 720 439
Көмір және лигнит өндіру
05
71 817
59 933
131 750
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру
06
3 776 625
12 290
3 788 914
Табиғи газды өндіру
06.2
25 140
11 477
36 617
Мұнай және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер
09.1
186 659
48
186 708
Уран және торий кенін өндіру
07.21
16 923
188
17 110
Металл кендерін өндіру
07
304 264
181 566
830
4 149
490 810
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары
08
63 900
4 545
84
68 530
Өңдеу өнеркәсібі
C
2 764 928
474 093
6 402
121 131
3 366 554
Тамақ өнімдерін өндіру
10
396 661
8 400
248
5 729
411 038
Темекі өнімдерін өндіру
12
63 414
524
63 938
Тоқыма бұйымдарын өндіру
13
26 191
1 883
82
1 489
29 645
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру
15
2 573
113
-3
1 039
3 722
Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру
16
6 060
212
6 272
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
17
69 574
956
-287
724
70 966
Кокс және мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру
19
193 098
39 235
-1 140
96 068
327 261
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру
20
72 253
20 209
117
1 344
93 923
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
22
56 608
906
-123
57 392
Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру
23
245 237
8 721
67
5 398
259 423
Металлургия өнеркәсібі
24
1 305 413
364 827
6 972
8 085
1 685 297
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру
28
97 907
13 990
424
949
113 271
Компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді өндіру
26
65 878
602
8
268
66 756
Автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру
29
117 197
137
36
18
117 389
Өзге де дайын бұйымдарды өндіру
32
46 865
13 377
-1
20
60 261
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
D және E
414 288
49 551
463 839