Вопросы имущественного найма (аренды) нежилого государственного фонда Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғын емес қорды мүліктік жалға беру кезіндегі мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 04.06.2005 № а-6/189 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 ҚРЗ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 27 бабындағы 1 тармағына сәйкес, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Ақмола облысы әкімиятының “Мүліктік жалға беру Ережелерін бекіту туралы” № а-8/49 қаулысының заң органдарында тіркелуіне байланысты, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсаттарында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй емес қордың жалға беру ставкалары мен қолданылатын коэффициенттерін анықтау Нұсқаулығын (бұдан әрі - әдістеме), сонымен қатар мүлікті жалдау мен тендерлерге қатысу өтінімдерінің формалары 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалар әкімдері, Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - басқарма) және шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен (бұдан әрі - кәсіпорын) қатынасын жүзеге асыруға өкілетті құқықты мемлекеттік меншік субъект функциялары атқаруды, жүзеге асырушы органдар қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Кәсіпорындар шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында мүліктерді мүліктік жалға беру кезінде 2001 жылы 25 желтоқсандағы әкімият № а-8/49 қаулысымен бекітілген Ережелерді сақтауын.
Тармақша 2
2) Басқармаға кәсіпорындар 4 қосымшаға сәйкес, есептіден кейінгі келесі айдың 10-на дейін, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға берудің жарты жылдық жиынтық есебін беруін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындарға қатысты құқықты мемлекеттік меншік субъекті функцияларын атқаруды, жүзеге асырушы органдар осы кәсіпорындарға 5 қосымша үлгісіне сәйкес мүліктік жалға беру шартын жасауды ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
Басқа 8
Ақмола облысы әкімиятының қаулысына қосымша 1 2002 жылғы 19.03 № а-4/35 Тұрғын үй емес мемлекеттік қорлардың жалдау төлем ақысының мөлшерін есептейтін және қолданылатын коэффициенттерді анықтайтын Нұсқаулық (әрі қарай - әдістеме)
Тармақ 1
1. Осы әдістеме 2001 жылы 25 желтоқсанда Ақмола облысы әкімиятының № 8/49 қаулысымен бекітілген, 2002 жылы 4 ақпанда заң органында № 957-мен тіркелінген мемлекеттік мекемелердің балансындағы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүліктерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу құқығын бермей мүліктік жалға беру Ережелерінің 3 тармағына сәйкес өкілетті мемлекеттік орган әзірлеген және тұрғын үй емес мемлекеттік қорлардың жалдау төлем ақысының мөлшерін есептейді және қолданылатын коэффициенттерді анықтайды.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалға беру объектілерінің жылдық жалдау төлем ақысының мөлшері Ап=Аед х П формуласы бойынша есептеледі. Мұндағы: Ап - жалдау ақысының жылдық мөлшері; Аед - мүлікті жалға беру объектінің 1 шаржы метр ауданының жылдық жалдау ақысының сомасы (теңге); П. - жалдайтын жайдың жалпы ауданы (шаржы метр). 2.1 Мүліктік жалға беру объектінің 1 шаржы метр ауданының жылдық жалдау ақысының сомасын мына формуламен есептеледі: Аед. = С mіn. х Ки х К1 х К2 х КЗ х Км х Кс х Ку; Сmіn - мүліктік жалға беру үшін тұрғын үй емес мемлекеттік кордың 1 шаржы метр ауданының жалдау ақысын базалық мөлшері. Базалық мөлшер - 51 теңге; Ки - инфляция коэффициенті (Қазақстан Республикасы ұлттық статистикалық агенттігінің көрсеткіштеріне сәйкес есептеледі); К1 - мүліктік жалға беру объектінің жайлылығын, техникалық жағдайын және инженерлік коммуникацияның дәрежесін есепке алатын коэффициенті; К2 - жалға алушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент; КЗ - мүліктік жалға беру объектінің облыс аумауындағы орналасқан орнын есепке алатын коэффициент; Кс - жалға алушының коммуналдық шаруашылық (жылужабдықтау, қуатжабдықтау, сужабдықтау) және басқа әлеуметтік қажетті объектілер қызметіне (балабақша, мектеп мекемелері) қолданылатын коэффициент; Ку - мүліктік жалға беру объектісінде мүлікті және негізгі қаражаттарды есепке алатын коэффициент; Км - мүліктік жалға беру объектінің облыс орталығы аумағындағы орналасқан орнын есепке алатын коэффициент.
Тармақ 3
3. Мүліктік жалға беру (жалдау) объектісіндегі объектінің жайлылығын, техникалық жағдайын және инженерлік коммуникацияның дәрежесін есепке алатын (К1) коэффициентті анықтау. № п/п Объектінің жайлылық, техникалық жағдайының, инженерлік коммуникациялық дәрежесі К1 мағынасы 1 Қалайны (коммуналдық шаруашылықтың барлық жайлылығының болуы) 1,6 2 Инженерлік коммуникациясыз (суық, ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, бірақ қуатпен және жылумен қамтамасыз етілген кезде 1,3 3 Инженерлік коммуникациясыз (суық, ыстық сумен, канализациямен, қуатпен, жылумен қамтамасыз етілмеген 1,0
Тармақ 4
4. Жалға алушының қызмет түрін есепке алатын (К2) коэффициентті анықтау. № п/п Қызмет түрі К2 мағынасы 1 Сауда бойынша комерциялық сауда, жабдықтау - сату қызметі - өндірістік және аралас тауарлары - азық - түлік тауарлары 1.5 1.5 1.5 2 Банктін, басқа ақша - қаражат операциясы, туризмді ұйымдастыру 1,4 3 Халыққа қызмет көрсету: шаштараз, фотосурет, киім, аяқ киім тігу, жөндеу, т.б. радио-телеаппаратураларды, тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасы. 0,8 1,0 4 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны -1-ші,2-ші категориялы(ресторан, кафе) -3-ші категориялы (асхана, буфет) тамақ ішетін залдар 1,1 0,5 0,3 5 Кондитерлік, кулинарлық жартылай өңделген өнімдерді, тағам өнімдерін дайындау 1,0 6 Тауарлар өнер кәсібі, халық қолданатын тауарлар, өндірістік техникалық тауарлар өндірісі. 0,8 7 Медициналық қызмет көрсету. - емдеу-профилактикалық қызмет - тіс емдеу қызметі. 0,6 1,0 8 Қоғамдық қызмет 0,7 9 Басқа түрлері (офистер, қызмет жайлары). 1,0 10 Қойма, гараж жайлары. 0,7 11 Мемлекеттік кәсіпорындар үшін 0,2 12 Мемлекеттік мекемелер үшін 0
Тармақ 5
5. Мүліктік жалға беру объектінің облыс аумағындағы орналасқан орнын есепке алатын коэффициент (КЗ). № п/п Объектінің орналасқан орны КЗ мағына сы 1 Астана қаласы 1,5 2 Степногорск қаласы 1,0 3 Щучинск қаласы 1,0 4 Облыс аудандары 0,8
Тармақ 6
6. Жалға алушының коммуналдық шаруашылық (жылужабдықтау, қуатжабдықтау сужабдықтау) және басқа әлеуметтік қажетті объектілер қызметіне (балабақша, мектеп мекемелері) қолданылатын коэффициенті анықтау. № п/п Қызмет түрі Кс мағынасы 1 Жылужабдықтау 0.1 2 Қуатжабдықтау 0,3 3 Сужабдықтау 0,2 4 Балабақша, мектеп мекемелері: қалалар бойынша аудандар бойынша 0,3 0.1
Тармақ 7
7. Мүліктік жалға беру объектісінде мүлікті және негізгі есепке алатын коэффициентті (Ку) анықтау. № п/п Саны Ку мағынасы 1 Автокөлік: 1-3 4-10 10 және одан жоғары 1,1 1,2 1,25 2 Мүлік және негізгі қаражаттар 1,1
Тармақ 8
8. Мүліктік жалға беру объектінің облыс орталығы аумағындағы орналасқан орнын есепке алатын коэффициенті (Км) анықтау. № п/п Орналасқан орны Км мағынасы Көкшетау қаласы 1 І.І аралығы 1,35 2 І.ІІ аралығы 1,30 3 II аралығы 1,25 4 III аралығы 1,20 5 IV,V аралығы 1,15 6 VI аралығы 1,10 7 VII, VIII аралығы 1.00
Басқа 17. Мүліктік жалға беруге (жалдауға) ӨТІНІМ.
Ақмола облысы әкімиятының қаулысына 2 қосымша 2002.19.03. № а-4/35 Кімге_____________________________________________________________ (Жалға берушінің толық атауы және қызметі, басшының аты-жөні) Кімнен____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы және жеке тұлғаның аты жөні) __________________________________________________________________ (орналасқан орны немесе мекен-жайы) РНH_____________________________тел:.____________________________ (заңды және жеке тұлғалар) Мүліктік жалға беруге (жалдауға) ӨТІНІМ. Тұрғын жай емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру шешімін қабылдуыңызды және осы өтінімде көрсетілген құжаттарды қарауыңызды өтінемін. Мекен-жайы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ жалпы ауданы_________шаршы метр__________________________________ ______________________________________________________ (қызмет түрі үшін ) «____» _______________200__ж. «_____»________________200___ж. мерзімге _________________________________ (басшының қолы жәңе заңды тұлғаның мөрі немесе жеке тұлғалары үшін қолы) Ескерту: Мүліктік жалға беру өтініміне қосымша: объектінің технико- экономикалық негіздемесі ҚР заңды тұлғалары үшін-жарғының ереженің нотариалдық куәландырылған көшірмесі; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің заңды тұлғалары үшін және статистикалық карточканың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; сонымен қатар олардың өкілеттік өкілдерін растайтын құжаттар, шетел заңды тұлғалары үшін - құрылтай құжаттарының орыс тіліне аудармасының нотариалдық куәландырылған көшермесі, жеке тұлғалары үшін - төлқүжат немесе жеке басын растайтын құжат және олардың көшірмелері, ал жеке меншік кәсіпкерлері үшін, одан басқа, тиісті құжаттар және олардың көшірмелері.
Басқа 18. ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Ақмола облысы әкімиятының қаулысына 3 қосымша 2002.19.03. № а-4/35 Кімге____________________________________________________________ (Жалға берушінің толық атауы) Кімнен____________________________________________________________ (құқықтық тұлғаның толық атауы және жеке тұлғаның аты жөні) ________________________________________________________________________________ тендерге қатысушылардың орналасқан орны немесе тұратын мекен-жайы) РНH_____________________________тел:.__________________________________ ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ 1. тендер өткізу нысанының көрсеткіштерін зерделеп___________________ _____________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы және жеке тұлғаның аты-жөні тендерге қатысушылардың) келесі тендер нысандары бойынша тендерге қатысуға ниет білдіреді, 1) ____________________________________________________________________ (Жалға алатын жайдың немесе объектінің атауы және оның мекен-жайы 2) ____________________________________________________________________ басқа мәліметтер) тендерге қатысуға және тендер өткізу шарты бойынша кепілдік жарнасының сомасын енгізуге келісемін __________(______________) теңге. 2. тендер өткізу шартымен және тендерге қатысудың құқығымен таныстым, тендер шартын орындауға, жеңген уақытта мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасауға міндеттімін. ______________________________________________________________ (аты-жөні, қызметі) _________________________________ «______» ___________200_ж. (қолы, заңды тұлғалары үшін-мөр) қосымша: төлем құжаты «______» ___________200_жылы №____________ кепілдік жарнасының сомасын енгізу туралы_______________________ _______________________теңге. (сомасы)
Басқа 19. _________________________ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік коммуналдық орындардың (атқарушы органның атауы) шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті мүліктін жалға беруін жөніндегі жиынтық есебі.
Ақмола облысы әкімиятының қаулысына қосымша 4 2002 жылғы 19.03.№ а-4/З5 _________________________ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік коммуналдық орындардың (атқарушы органның атауы) шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті мүліктін жалға беруін жөніндегі жиынтық есебі. п/п № Кәсіпорынның атауы, басшыньң аты-жөні Мүліктік жалға беру шарттарының саны Жайдың Ауданы (шаршы метр) 1 шаршы метрдің құны (теңге) Бір айға есптелген ақы (теңге) 1 жарты жылдыққа төленген ақысы (мың теңге) Берешек ескерту 1 2 3 4 5 6 7 8 9 _________________________________ _____________________________ (басшының аты-жөні және қызметі) (қолы) _____________________ Мөрдің орны «_____»__________200___ж.
Басқа 20. Тұрғын үй емес мемлекеттік қордың жалдау мүліктік жалға беру (жалдау) щарты.
Ақмола облысы әкімиятының қаулысына қосымша 5 2002 жылғы 19.03. № а-4/35 Тұрғын үй емес мемлекеттік қордың жалдау мүліктік жалға беру (жалдау) щарты. г. Кокшетау «___» ___________200___ж. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын _____________________директор____________атынан _______ қолданылып жүрген Жарғы (ереже) негіздемесі__________заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы _______ж. № куәлігі________әрі қарай жалға алушы, екінші жақтан төмендегі туралы осы шартты жасады.
Тарау 1. 1. Шарттың негіздері
1. Шарттың негіздері
Тармақ 1.1
1.1 Шарттың негізі сатып алу құқығын бермей мүліктік жалға беру _____________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________, жалпы ауданы_________ шаршы метр. Мекен-жайы:___________________________________ _________________________________________________________________________________ _____________________________________________, балансустаушы болып саналады. ________________________________________________ Жалға берушінің 200_____ж «______» өткізуімен тендер жеңімпазы аталған жалға алушы осы шартты жасауға қуқықты.
Тармақ 1.2
1.2 Жалға беруші Жалға алушыға мүліктік жалға беру жайын 200 ж. “ ” 200 ж. “ _______”__________осы келісімде шартта белгіленген шарттар бойынша тапсырады.
Тарау 2. 2. Жалға берушінің міндеттері мен құқықтары
2. Жалға берушінің міндеттері мен құқықтары
Тармақ 2.1
2.1 Жалға беруші міндетті:
Тармақ 2.1.1
2.1.1 Жалдауға беретін жайды шартта белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуге.
Тармақ 2.1.2
2.1.2 Жалға алынған жайды шартта белгіленген тәртіппен қолдануға Жалға алушыға кедергі жасамауға.
Тарау 3. 3. Жалға алушының міндеттері мен қүқықтары
3. Жалға алушының міндеттері мен қүқықтары
Тармақ 3.1
3.1 Жалға алушы міндетті:
Тармақ 3.1.1
3.1.1.Жалға алынған жайды шартқа сәйкес қолдануға.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Жалдау ақысының өлшемін, мерзімін және тәртібін келісіде-шартта белгіленген шарттар бойынша енгізуге.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Жалға алатын жайды күтіп ұстауға, жайға немесе онда орнатылған инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамауға.
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Жалға алатын жайды алған қалыпта ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеуді жасауға, жалға алатьн мүлікті ұстағандағы шығысын төлеуге.
Тармақ 3.1.5
3.1.5. Жалға алатын жайға өзінің қатесі бойынша зақым келтірілген жағдайда, оны өз ссебінен жөндеуді қамтамасыз етуге.
Тармақ 3.1.6
3.1.6. Жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз жалға алатын жайды, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға.
Тармақ 3.1.7
3.1.7. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін жалға алып қолданғанда, оны сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде сақтауға.
Тармақ 3.1.8
3.1.8. Жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің жалға алатын жайға және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беруге, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жоюға.
Тармақ 3.1.9
3.1.9. Жалға алушы жалға алған жайды шарт мерзімі бойынша алған жағдайында қайтаруға.
Тармақ 3.2
3.2. Жалға алынған жайды үшінші жаққа жалға бермеуге және өзінің осы келісім- шартта көрсетілген құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға (жалға беруге) немесе өтеусіз қолдануға бере алмайды. Жалға алушы жайдың бір бөлігін үшінші тұлғаға жалға берсе, одан бекітілген ставканың 10-есе мөлшерінде айыппүл өндіріледі. Мұндай жағдайда жалға алушы жалға берген (субарендаға) келісім-шартын жою жөніндегі іс - шаралар қолдануға тиіс.
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Тұрғын үйлердегі жалға алынған тұрғын емес жайларды бірігіп ұстау бойынша тұтынушы кооперативтерімен және ПАК-мен шығындарына қатысу.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Осы құқықтарды көпшілікке бермей және оларды шаруашылық серік- тестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге.
Тармақ 3.3
3.3. Егер Жалға алушы Жалға берушінің келісімін ала отырып өз қаржысы ессбінен жалға алған жайды бүлдірмей оны жақсарту шараларын жүргізсе, жалға алушы келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін ол үшін жалға берушіден өтем ақысын ала алады, егер келісім-шартта өзге шарттар карастырылмаса жалға алынған жайды бөліп алынатын оны жақсартуға қолданылған заттары Жалға алушыныц меншігіне жатады, егер заңдар мен осы келісімде басқа шарттар қарастырылмаса.
Тармақ 3.3.1
3.3.1. Жалға алушы Жалға берушінің келісімінсіз жақсартуды жасаса, бөліп алынбайтын жақсартудың құны қайтарылмайды, егер заңдар мен осы келісімде басқа шарттар қарастырылмаса.
Тарау 4. 4. Есептесу
4. Есептесу
Тармақ 4.1
4.1. Жалға алушы Жалға берушіге келесі шарттар бойынша жалдау ақысын төлейді.
Тармақ 4.1.1
4.1.1. Жалдау ақысы айына теңге тұрады.
Тармақ 4.1.2
4.1.2. Жалдау ақысы мерзімінде (айсайын) тең үлеспен әр айдың 1-не дейін төленеді.
Тармақ 4.1.3
4.1.3. Жалдау төлемдері мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардын есептесу шотына аударылады және кәсіпорын кірісіне есептейді.
Тармақ 4.2
4.2. Инфляцияға байланысты түзетулер енгізу мақсатында әр тоқсанда жалдау ақысы өзгертіледі. Жалға алушы тоқсан басталуға 10 күн қалғанда жайдың жалдау ақысының есебін тексеріп отыруға міндетті.
Тармақ 4.3
4.3. Мүліктік жалға беру (жалдау) ақысына коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу есебі, қызмет көрсету төлемі кірмейді. Бұл төлемдерді жалға алушы ведомстволық күзет, эксплуатация, коммуналдық, санитарлық қызметтсріне төлейді.
Тарау 5. 5. Тараптардың жауапкершілігі
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Мерзімінде төленбеген төлемді жалға алушыдан бір күнге есептелген соманың 1,0 пайыз мөлшерінде өсім ұсталынады. Өсімді жалға алушы төлейді.
Тармақ 5.2
5.2. Жалға алушы екі ай бойына төлемді төлемесе немесе келісім-шарттың шартын бұзса Жалға беруші бір тараптық тәртіпте шарттың күшін жояды.
Тармақ 5.3
5.3. Ауданды жасыру деректсрі айқындал са Жалға алушыдан қолданылып жүрген ауданның жалдау ақысын көрсетілген ставкадан 10-есе сомасы мөлшерінде айыппұл алынады.
Тармақ 5.4
5.4. Тараптар осы шарттың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығын мөлшеріне жауапты болады.
Тармақ 5.5
5.5. Санкция айыппұлын төлеу кіналы тарапты шарт бойынша міндеттерді орындауды босатпайды.
Тармақ 5.6
5.6. Жалға беруші жалға алынған жайды жақсартуға жұмсаған құнын жалға алушыға өтемейді.
Тарау 6. 6. Келісім - шарттың ерекше шарттары
6. Келісім - шарттың ерекше шарттары
Тармақ 6.1
6.1. Шартты мерзімінен бұрын бұзудың ережесі мынандай жағдайларда:
Тармақ 6.1.1
6.1.1. Заңды тұлға ретінде жалға алушыны жою.
Тармақ 6.1.2
6.1.2. Жалға берушінің немесе жалға алушының мүліктік жалға беру шартының ережесін бұзуы.
Тармақ 6.1.3
6.1.3. Заңдылық актілері немсе шарты көрсетілген жағдайлардың жалға беруші немесе жалға алушының жазбаша талаптары бойынша.
Тармақ 6.1.4
6.1.4. Егер мүліктік жалға беру объектісін өкілетті мемлекеттік органмен жекешелендіруге туралы шешім қабылданса (немесе оның күн бұрынғы шешімімен), жалға беруші бір тараптық, тәртіппен шартты бұзуға құқықты.
Тармақ 6.1.5
6.1.5. Балансұстаушының өтінішімен, егер ол негізделген болса, бір тарапты тәртіппен шартты бұзуға болады.
Тармақ 6.1.6
6.1.6. Қазақстан Республикасының заңымен немесе шартымен көрсетілгсн басқа жағдайларда.
Тармақ 6.1.7
6.1.7. Шартты бұзған жағдайда жалға алушы жайды 1 ай мерзімде босатуға міндетті.
Тармақ 6.2
6.2. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделеді және тараптар өкілетті өкілдерінің қолы қойылғаннан кейін, күшіне енеді.
Тармақ 6.3
6.3. Осы шарттағы барлық реттелмеген мәселелерді тараптар Қазақстан Рсенубликасы заңдарының нормасымен реттейді.
Тармақ 6.4
6.4. Осы шартта кездесетін барлық дауларды тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіпте қаралады.
Тармақ 6.5
6.5. Осы шарт тең заңды күші бар 2 данадан құрылған.
Тарау 7. 7. Қосымша шарттары
7. Қосымша шарттары
Тармақ 7.1
7.1. Жалға беруші (балансұстаушы) жайды жалға алушыға осы шартқа қол қойылғаннан кейін, 3 күннің ішінде қабылдау-беру актісімен береді.
Тармақ 7.2
7.2. Қабылдау-беру актісінде көрсетіледі: актіні құру орны және күні, өкілдер тараптар мүддесін қорғауға өкілетті құжаттар атауы және реквизиттері, мүліктік жалға беру шартына қол қою, нөмері және күні.
Тармақ 7.3
7.3. Қабылдау-беру актісі үш данадан құрылады, екеуі жалға берушіде (балансұстаушыда) және біреуі жалға алушыда сақталады. Мекен-жайлары және тараптар реквизиттері Жалға беруші: Жалға алушы: Мемлекеттік коммуналдық _______________ кәсіпорны__________ _______________ _______________________ _______________ Жалға берушінің қолы: Жалға алушының қолы: __________________ ____________________ М.О. М.О.