Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 29.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2021 117603_520731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SJ004494
- ЭКБ идентификаторы
- 117603
- Редакция идентификаторы
- 117603_520731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:14
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларыны сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.К. Рамазановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерге жұмыс орнына квотасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 323 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге жұмыс орнына квотасы
Ұйымдардың атауы
Жұмыс орнының саны
Квотаның мөлшері
Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам) *
«Кызыласкерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
3%
5
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют № 1 мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2%
1
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мамлют аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
242
3%
7
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
2%
1
Ескертпе:
*-ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.