Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Мугалжарском районе
Мәртебесі расталмаған
Қаулы
·№ 474
·
29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Мугалжарском районе
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 474
- Қабылданған күні
- 11.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2020 117613_489817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CI005773
- ЭКБ идентификаторы
- 117613
- Редакция идентификаторы
- 117613_489817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:54
0 Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Б. Құлмағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 474 қаулысына қосымша
Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Көтермелеудің түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Мұғалжар ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3 3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Мұғалжар аудандық ПБ* бастығы енгізеді.
4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес шығарылған Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол он есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Мұғалжар аудандық ПБ* жүргiзіледі.
8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД* шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
* ПБ – Полиция бөлімі
* ПД – Полиция департаменті