Құжат мәтініне өту

О проверке конституционности Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания и деятельности религиозных объединений"

Қаулы · № 2 · қабылданған 03.04.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-11762/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О проверке конституционности Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания и деятельности религиозных объединений" Күшін жойған Қаулы ·№ 2 ·03.04.2002
03.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проверке конституционности Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания и деятельности религиозных объединений"

Күшін жойған Қаулы ·№ 2 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проверке конституционности Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания и деятельности религиозных объединений"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
03.04.2002
Көрсетілген редакция
03.11.2017 11762_260641.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
S020000002_
ЭКБ идентификаторы
11762
Редакция идентификаторы
11762_260641
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:11

0 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.11.2017 № 3 нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
Мемлекет басшысының өкілі - Республика Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.В.Белоруковтың,
Республика Парламенті Сенатының депутаты Б.Ғ.Жүсіповтің және Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Ә.Айталының,
Республика Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.А.Құл-Мұхаммедтің,
Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
Республика Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің хатшысы А.М.Мұқашовтың,
сарапшылар - Қазақ гуманитарлық-заң университеті азаматтық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының кандидаты, доцент М.Қ.Өмірқұловтың және Е.Ә.Сапаровтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру жөніндегі өтінішін қарады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы және ЕҚЫҰ/ДАҚБ-ның дін мен діни сенім бостандығы жөніндегі сарапшыларының консультативтік комитеті ұсынған құжаттарды, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ә.Омархановтың баяндамасын, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

1

1. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Республика Парламенті 2002 жылғы 31 қаңтарда қабылдап, 2002 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына берген.
Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске жоғарыда аталған Заңның конституциялылығын тексеру туралы өтініш жіберген.

2

2. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәнінде қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мына ережелердің конституциялылығына назар аударды:
Заңның, діни нанымдарды тарату бостандығын жүзеге асыру құқығы заң актілерімен шектелуі мүмкін делінетін 3-тармағының 3) тармақшасы;
ислам діни бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұсынысы бойынша жүзеге асырылатындығы туралы 3-тармақтың 13) тармақшасы;
Заңның, мұсылмандық ғибадат үйлері мен ғимараттарын салу және (немесе) ашу Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының рұқсатымен жүзеге асырылуын көздейтін 3-тармағының 17) тармақшасы.

3 3. Діни нанымдарды тарату бостандығын жүзеге асыру, Республика Конституциясы 20-бабы 2-тармағының: "Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат ... таратуға құқығы бар" деген нормасынан туындайды.

Конституцияның 39-бабы 1-тармағына сәйкес, бұл аталған құқық конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның 3-тармағы 3) тармақшасындағы, діни нанымдарды тарату құқығы заң актілерімен шектелуі мүмкін деген ереже, осы конституциялық талапқа қайшы келеді, себебі заңға немесе Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына қарағанда заңдық күші аз нормативтік құқықтық акті арқылы адамның және азаматтың құқықтарын шектеуге жол береді, өйткені, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Республика Заңының 1-бабына сай, Республика Парламенті мен оның Палаталарының қаулылары да нормативтік құқықтық актілер ұғымына кіреді.

4 4. Конституцияның 1-бабы 1-тармағымен көзделген, мемлекеттің зайырлы сипаты, діннің мемлекеттен бөлінуін білдіреді.

Бұл аталған норма-принцип өзге конституциялық нормаларда нақтылана түседі. Конституция 5-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне жол берілмейді. Конституцияның 14-бабына сай заң алдында жұрттың бәрі тең, бұл, зерделеу нысанына қатысты қолданыста, барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей екенін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге басқаларға қарағанда қандай да бір артықшылықтар жасалуына жол берілмейтінін, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітуге тыйым салынатынын білдіреді.
Ал бұл орайда болса, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның 3-тармағы 13) тармақшасымен, ислам діни бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұсынысымен жүзеге асырылады деп белгіленеді. Одан тыс, Заңның 3-тармағы 17) тармақшасының нормалары, мұсылмандық ғибадат үйлері мен ғимараттарын салу және (немесе) ашу Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының рұқсатымен жүзеге асырылатынын көздейді.
Осылайша, Заңмен, ислам діни ілімін уағыздаушы азаматтардың діни бірлестігі болып табылатын, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына (жарғысын 1996 жылғы 23 мамырда Алматы қаласында Республика Әділет министрлігі қайта тіркеген), мемлекеттің айрықша құзырына жататын, рұқсат беру сипатына ие өкілеттік беріледі.
Конституциялық Кеңес бұдан Республика Конституциясы 1-бабы 1-тармағының, 5-бабы 1-тармағының және 14-бабының ережелерін бұзуды тауып отыр.
Баяндалғанның негізінде Республиканың Конституциялық Кеңесі, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32, 33, 37, 38 және 39-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасының Парламенті 2002 жылғы 31 қаңтарда қабылдап, 2002 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына келіп түскен, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.

2 2. Аталған заңға, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 1-тармағына сай, қол қойылмайды және ол күшіне енгізілмейді.

3 3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес

қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды,
Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан
Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды
ескеріп, түпкілікті болып табылады.

4 4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс

тілдерінде жариялансын.

Қолданыстағы