Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Сарыагашского района

Ереже · № 18-203-VI · қабылданған 26.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117674/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Сарыагашского района Күшін жойған Ереже ·№ 18-203-VI ·26.12.2017
22.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Сарыагашского района

Күшін жойған Ереже ·№ 18-203-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Сарыагашского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Сарыағаш aуданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-203-VI
Қабылданған күні
26.12.2017
Көрсетілген редакция
22.12.2021 117674_552889.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UK004387
ЭКБ идентификаторы
117674
Редакция идентификаторы
117674_552889
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:23

0 Сот шешімімен Сарыағаш

aуданының коммуналдық
меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес сот шешімімен Сарыағаш ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

2 2. «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Казақстан Республикасының заңнамалык актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумактық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш аудандык мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын камтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Сарыағаш аудандық

мәслихатының 2017 жылғы
26 желтоқсандағы №18-203-VI
шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Сарыағаш ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды баскару Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Сот шешімімен Сарыағаш ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылган иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әpi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабынын 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әpi - қалдықтар) басқару тәртібін айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды жергілікті атқарушы орган (бұдан әpi - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдык бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әpi - Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі болып (бұдан әpi - бөлім) табылады.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әpi пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен Сарыағаш ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәpтібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әpi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әpi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2 2. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы