Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сарканскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сарканскому району
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27-119
- Қабылданған күні
- 30.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2018 117711_337496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DQ004443
- ЭКБ идентификаторы
- 117711
- Редакция идентификаторы
- 117711_337496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:04
0 Сарқан ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу
туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызметін Сарқан ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сарқан аудандық мәслихатының
2017 жылғы «30» қарашадағы
№ 27-119 шешіміне қосымша
Қызметін Сарқан ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есепті көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
3
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
5