Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования дошкольного воспитания и обучения, среднего образования, а также технического и профессионального, послесреднего образования с учетом кредитной технологии обучения

Бұйрық · № 596 · қабылданған 27.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117714/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования дошкольного воспитания и обучения, среднего образования, а также технического и профессионального, послесреднего образования с учетом кредитной технологии обучения Қолданыста Бұйрық ·№ 596 ·27.11.2017
29.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования дошкольного воспитания и обучения, среднего образования, а также технического и профессионального, послесреднего образования с учетом кредитной технологии обучения

Қолданыста Бұйрық ·№ 596 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования дошкольного воспитания и обучения, среднего образования, а также технического и профессионального, послесреднего образования с учетом кредитной технологии обучения
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
596
Қабылданған күні
27.11.2017
Көрсетілген редакция
29.04.2025 117714_759275.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016138
ЭКБ идентификаторы
117714
Редакция идентификаторы
117714_759275
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:08

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2

2. «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8884 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 12 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 8 желтоқсан

1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен
бекітілді
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 75) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

2 2) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

3 3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

4 4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

5 5) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

2 2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

3

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.

4

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде, ай сайынғы негізде, ағымдағы айда сол қызметтерді алған тәрбиеленушілердің нақты контингентіне есептелген көлемде жүзеге асырады.

5 5. Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мына тәртіпте жүзеге асырады:

1 1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

2 2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары – ай сайын орта білім беруге және мына көлемдерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде:

қаңтардан бастап тамызға дейін – жоспарлы жылдық контингентке пропорционалды;
қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін – нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.

6

6. Жан басына шаққандағы норматив өзгеріп, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын шығынның өтемі республика бюджетінен бөлінетін насаналы ағымдағы трансферттермен толтырылады.

7 7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар мына тәртіпте жүзеге асырады:

1 1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

2

2) басқа ұйымдық-құқықтық нысандардағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайынғы негізде ағымдағы айда осы қызметтерді алған білім алушылардың нақты контингенті үшін есептелген көлемде және (немесе) ағымдағы айда нақты ұсынылған кредиттер саны үшін есептелген көлемде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде ай сайын.

8

8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің көлемінен төмен емес болып айқындалады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалады. Жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын дербес айқындайды.

9

10

11

12 12. Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне жан басына шаққандағы норматив өзгергенде және (немесе) білім алушылардың немесе тәрбиеленушінің нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі.

Қолданыстағы