Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 324 · қабылданған 12.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117739/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған Қаулы ·№ 324 ·12.12.2017
22.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы ·№ 324 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
324
Қабылданған күні
12.12.2017
Көрсетілген редакция
22.08.2018 117739_350605.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VJ005379
ЭКБ идентификаторы
117739
Редакция идентификаторы
117739_350605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:52

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін..

2

2. Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қазандағы № 330 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлемінің мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4765 тіркелген, 2016 жылы 16 желтоқсанда «Қалба тынысы» газетінде және 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жарма ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «12» желтоқсан
№ 324 қаулысына № 1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны
1
Балабақшалар
595
3
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
179

11 Ата-ана төлемақысының мөлшері

Жарма ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «12» желтоқсан
№ 324 қаулысына № 2 қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Балабақшалар
404,8
428,6
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
286,3
309,6
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Қолданыстағы