Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность на территории Щербактинского района

Ереже · № 114/33 · қабылданған 28.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117742/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность на территории Щербактинского района Күшін жойған Ереже ·№ 114/33 ·28.12.2017
07.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность на территории Щербактинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 114/33 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность на территории Щербактинского района
Атауы (қаз.)
Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114/33
Қабылданған күні
28.12.2017
Көрсетілген редакция
07.09.2021 117742_537492.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PM005805
ЭКБ идентификаторы
117742
Редакция идентификаторы
117742_537492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:16

0 Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1–бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы
1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық мәселелері және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары

Шарбақты аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 114/33
шешімімен бекітілген
Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 20-1–бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шарбақты ауданының аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн анықтайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару Шарбақты ауданының жергiлiктi атқарушы органымен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсаты үшін жергiлiктi атқарушы органымен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша «Шарбақты ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыстарды ұйымдастыратын орган болып табылады.

5 5. Қалдықтарды басқару – бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес, қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жүзеге асырылады.

7 7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою

бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органымен Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін иесіз қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы