О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 12.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2018 117775_281516.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000007
- ЭКБ идентификаторы
- 117775
- Редакция идентификаторы
- 117775_281516
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:06
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 12 қантардағы
№ 7 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері және қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қызылорда облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-8-жолмен толықтырылсын:
«218-8. «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-21-1-жолмен толықтырылсын:
«266-21-1. «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Министрлiктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
«12-1. «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
4 4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі» деген 5-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1.15-1-жолмен толықтырылсын:
«
4-1.
15-1
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС
».
5 5. «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 124-құжат.):
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғам мүлкінің есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды аяқтағаннан кейін серіктестік осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі – серіктестіктер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
«
12-1
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС»
Қазалы қаласы
»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС»
100 %
».