О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жарминского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Жарминского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 23.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2017 117787_277029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005384
- ЭКБ идентификаторы
- 117787
- Редакция идентификаторы
- 117787_277029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:10
0 Шығыс Қазақстан облысының
Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Жарма ауданының елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 14/127-VІ шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 253 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Ақжал ауылдық округінің Бөке ауылы;
Үшбиік ауылдық округінің Еңрекей ауылы;
Белтерек ауылдық округінің Қарашоқы ауылы;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Ақжал ауылдық округінің Бөке қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақжал ауылдық округінің Ақжал ауылының құрамына;
Үшбиік ауылдық округінің Еңрекей қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Үшбиік ауылдық округінің Үшбиік ауылының құрамына;
Белтерек ауылдық округінің Қарашоқы қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Белтерек ауылдық округінің Белтерек ауылының құрамына енгізілсін.