Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по городу Аркалык
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по городу Аркалык
- Атауы (қаз.)
- Арқалық қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 21.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2021 117821_537908.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NC007471
- ЭКБ идентификаторы
- 117821
- Редакция идентификаторы
- 117821_537908
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:41
0 Арқалық қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Арқалық
қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Арқалық каласы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі, автомобиль
жолдары және тұрғын үй инспекциясы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
________________________ Е. Ибраев
«21» желтоқсан 2017 жыл
3 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Мәслихаттың
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 151 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – иесіз қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Арқалық қаласының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.
4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органымен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Арқалық каласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.