Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе

Қаулы · № 6648 · қабылданған 20.12.2017
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117851/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 6648 ·20.12.2017
06.10.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 6648 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Актобе
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
6648
Қабылданған күні
20.12.2017
Көрсетілген редакция
06.10.2020 117851_485643.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CA005836
ЭКБ идентификаторы
117851
Редакция идентификаторы
117851_485643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:43

0 Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Ақтөбе қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Күнтуовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақтөбе қаласы әкiмдiгiнiң

2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 6648 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтөбе қаласы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұданәрi – Комиссия) қарайды.

3

3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) енгізеді.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

3 Ақшалай сыйақының мөлшерi

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте, 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен Полиция басқармасымен жүргiзіледi.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

9 9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Ақтөбе облысының полиция Департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

Қолданыстағы