Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бурабайского района

Ереже · № 6С-23/3 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117870/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бурабайского района Күшін жойған Ереже ·№ 6С-23/3 ·22.12.2017
19.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бурабайского района

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-23/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бурабайского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Бурабай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-23/3
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
19.07.2021 117870_531372.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BS006319
ЭКБ идентификаторы
117870
Редакция идентификаторы
117870_531372
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:36

0 Сот шешімімен Бурабай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Бурабай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
____________Қ.Қарауылов
22 желтоқсан 2017 жыл

3 Бурабай аудандық мәслихатының

2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 6С-23/3 шешiмiмен
бекiтiлген
Сот шешімімен Бурабай ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сот шешімімен Бурабай ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Бурабай ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Иесіз қалдықтарды Бурабай ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмысттарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы