Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Зерендинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Зерендинского района
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-149
- Қабылданған күні
- 25.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2021 117874_532504.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BN006328
- ЭКБ идентификаторы
- 117874
- Редакция идентификаторы
- 117874_532504
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:29
0 Сот шешімімен Зеренді
ауданының коммуналдық
меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
М. Мұстафин
2017 жылғы «25» желтоқсан
3 Зеренді аудандық мәслихатының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-149 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Зеренді ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Иесіз қалдықтарды Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.