Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2021 117891_532823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KF004550
- ЭКБ идентификаторы
- 117891
- Редакция идентификаторы
- 117891_532823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:24
0 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.Л. Цой) жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 227 шешімімен
бекiтiлген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Сәтбаев қаласының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органмен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде коммуналдық шаруашылық саласында қызметтерді жүзеге асыруға уәкілетті және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.