О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района
- Атауы (қаз.)
- Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын cатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-11
- Қабылданған күні
- 22.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2018 117972_358932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VK005401
- ЭКБ идентификаторы
- 117972
- Редакция идентификаторы
- 117972_358932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:36
0 Зайсан ауданының ауылдық елді
мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
ұйымдарының мамандарына отын cатып
алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының, оның ішінде ветеринариялық пунктердің мамандарына әлеуметтік көмек 18000 (он сегіз мың ) теңге көлемінде беріледі.
Мемлекеттік денсаулық сақтау саласының ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
2
2. Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 26-5/2 «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын cатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3449 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 3 қыркүйекте аудандық «Достық» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.