Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кокпектинского района

Ереже · № 18-6/5 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118037/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кокпектинского района Күшін жойған Ереже ·№ 18-6/5 ·22.12.2017
12.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кокпектинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 18-6/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кокпектинского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-6/5
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
12.11.2021 118037_551750.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VO005396
ЭКБ идентификаторы
118037
Редакция идентификаторы
118037_551750
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:36

0 Сот шешімімен Көкпекті ауданының

коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сот шешімімен Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Көкпекті аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 18-6/5 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Көкпекті ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

4 4. Калдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

5 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігімен коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану және сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 3. Қорытынды ережелер

9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы