Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Хромтауском районе

Қаулы · № 313 · қабылданған 28.12.2017
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118079/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Хромтауском районе Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 313 ·28.12.2017
09.12.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Хромтауском районе

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 313 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Хромтауском районе
Атауы (қаз.)
Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
313
Қабылданған күні
28.12.2017
Көрсетілген редакция
09.12.2020 118079_498385.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CL005850
ЭКБ идентификаторы
118079
Редакция идентификаторы
118079_498385
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:16

0 Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шілмановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Көтермелеудің түрлері

Хромтау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 Көтермелеудің тәртібі

3) ақшалай сыйақы беру.
Көтермелеудің тәртібі

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Хромтау ауданының әкімдігімен құрылған Хромтау ауданы бойынша қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Ақтөбе облысы полиция департаментінің Хромтау ауданының полиция бөлімінің бастығы енгізеді.

4 4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

5 Ақшалай сыйақының мөлшері

5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
Ақшалай сыйақының мөлшері

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi Комиссиямен белгiленеді және он еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ақтөбе облысының полиция департаменті Хромтау ауданының полиция бөлімімен жүргiзіледі.

8 8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Қолданыстағы