Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по городу Усть-Каменогорску
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по городу Усть-Каменогорску
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/7-VI
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2019 118100_404570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005434
- ЭКБ идентификаторы
- 118100
- Редакция идентификаторы
- 118100_404570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:23
0 Өскемен қаласы бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге
арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3184 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2
2) «Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4519 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 тамызда электрондық түрде жарияланған) шешімі.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Өскемен қалалық мәслихатының
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25/7-VI шешіміне қосымша
Өскемен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
р/б
Атауы
Есеп айырысу бірлігі
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму қызметтерінің құны, теңге
1.
Жайлы үйлер
тұрғын/ айына
222
2.
Жайлы емес үйлер
тұрғын/ айына
283
3.
Заңды тұлғалар
м3
1 343