О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан и постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан и постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 561
- Қабылданған күні
- 18.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2020 118104_491002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016213
- ЭКБ идентификаторы
- 118104
- Редакция идентификаторы
- 118104_491002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:51
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
2
2 2. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері осы бірлескен бұйрық және қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмей ішкі құжаттаманы осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға сәйкес келтірсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың және қаулының көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық және қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___» _______
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
__________Д. Ақышев
2017 жылғы «___» _______
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 561 бұйрығына және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 244 қаулысына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 561 бұйрығына және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 244 қаулысына
2-қосымша