Об установлении мемориальных досок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении мемориальных досок
- Атауы (қаз.)
- Мемориалдық тақталарды орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 105-7
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2018 118106_282389.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18A0001153
- ЭКБ идентификаторы
- 118106
- Редакция идентификаторы
- 118106_282389
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:08
0 Мемориалдық тақталарды
орнату туралы
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2016 жылғы 18 қарашадағы хаттамасын орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналарға:
С. Сейфуллин көшесі, № 6 үйдің қабырғасына – КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовке (1935-2009 жж.);
Абылай хан даңғылы, № 6/5 үйдің қабырғасына – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Айматов атындағы Халықаралық академиясының академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, әдебиетші-ғалым, жазушы Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиға (1940-2010 жж.);
Жеңіс даңғылы, № 5 үйдің қабырғасына – кеңестік және қазақстандық ауыр атлетші, 1988 жылғы Сеулде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ауыр атлетикадан әлемнің бес мәрте чемпионы және Европаның бес мәрте чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Михайлович Храпатыйға (1962-2008 жж.) мемориалдық тақталар орнатылсын.
2 2. Мемориалдық тақталарды дайындау және орнату «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаражаты есебінен жүргізілсін.
3 3. «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумықтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;