Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Панфиловском районе

Қаулы · № 3 · қабылданған 03.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118127/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Панфиловском районе Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·03.01.2018
03.01.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Панфиловском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Панфиловском районе
Атауы (қаз.)
Панфилов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
03.01.2018
Көрсетілген редакция
03.01.2018 118127_280971.kaz
Соңғы өзгеріс
03.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DP004504
ЭКБ идентификаторы
118127
Редакция идентификаторы
118127_280971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:11

0 Панфилов ауданында қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Панфилов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулы Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға Панфилов ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;

4 4) осы қаулыны Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Д.Т. Төрехановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Панфилов ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «3» қаңтардағы
«Панфилов ауданында қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы» № 3 қаулысына
қосымша
Панфилов ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай
сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) граммотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қамтамасыз етуге қатысатын комиссия қарайды, Панфилов ауданының әкімдігімен құрылған, Панфилов ауданының Ішкі істер бөлімінің ұсынысы бойынша.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтының, комиссия белгілейді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге, қосымша Ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы