Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Талгарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Талгарском районе
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12-784
- Қабылданған күні
- 07.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2017 118133_281032.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DR004444
- ЭКБ идентификаторы
- 118133
- Редакция идентификаторы
- 118133_281032
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:57
0 Талғар ауданында қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Талғар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;
4 4) осы қаулыны Талғар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ч.М.Мамановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Талғар ауданы әкімдігінің
2017жылғы «07» 12 «Талғар
ауданының қоғамдық тәртіпке
қатысатын азаматтарды көтермелеудің
түрлері мен тәртібін және оларға
ақшалайсыйақының мөлшерін
айқындау туралы»
№ 12-784 қаулысына қосымша
Талғар ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға
ақшалай сыйақының мөлшері