Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Кербулакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Кербулакского района
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданының коммуналдық меншiгіне келiп түскен, қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 368
- Қабылданған күні
- 07.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2017 118134_281034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DM004445
- ЭКБ идентификаторы
- 118134
- Редакция идентификаторы
- 118134_281034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:57
0 Кербұлақ ауданының коммуналдық
меншiгіне келiп түскен, қараусыз қалған
жануарларды келiп түсу және пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К. Айпеисовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «07» желтоқсандағы
№368 қаулысымен бекітілген
қосымша
Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен,
қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
2 2. Жануарлардың Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі
3
3. Қараусыз қалған жануарлардың Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, «Кербұлақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісі қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру
5
5. Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Кербұлақ ауданының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау-тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
4 4. Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі
7 7. Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
2 2) аукцион арқылы сату;
3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
8 8. Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудан әкiмдiгінің қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.
5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
9
9. Жануарлар Кербұлақ ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.