Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе участков под строительство пирса, цеха по выращиванию мальков рыб и бытовых помещений в селе Ермаковка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 367 · қабылданған 29.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118160/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе участков под строительство пирса, цеха по выращиванию мальков рыб и бытовых помещений в селе Ермаковка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 367 ·29.12.2017
29.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе участков под строительство пирса, цеха по выращиванию мальков рыб и бытовых помещений в селе Ермаковка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 367 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе участков под строительство пирса, цеха по выращиванию мальков рыб и бытовых помещений в селе Ермаковка Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
367
Қабылданған күні
29.12.2017
Көрсетілген редакция
29.12.2017 118160_281657.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005459
ЭКБ идентификаторы
118160
Редакция идентификаторы
118160_281657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:12

0 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Қ. Баймағамбетов
2017 жылғы «29» желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «29» желтоқсан

12 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«29» желтоқсандағы № 367
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
1
2
3
4
5
6
7
Пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсында Өскемен су қоймасы
0,1824
500,0
0,696
0,156
35,0
0,646
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Ермаковка ауылында пирс, балық шабақтарын өсіру цехы және тұрмыстық үй-жайлар құрылысына арналған жер учаскелерінің тұсындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы