Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в городе Астане

Қаулы · № 112-9 · қабылданған 08.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118198/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в городе Астане Қолданыста Қаулы ·№ 112-9 ·08.01.2018
08.01.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в городе Астане

Қолданыста Қаулы ·№ 112-9 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных видов спорта в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112-9
Қабылданған күні
08.01.2018
Көрсетілген редакция
08.01.2018 118198_282246.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18A0001152
ЭКБ идентификаторы
118198
Редакция идентификаторы
118198_282246
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:08

0 Астана қаласындағы спорттың

басым түрлерінің тізбесін
бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
________________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы 29 желтоқсан

0 Астана қаласы әкімдігінің

2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 112-9 қаулысына
қосымша
Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі
Топ ата­уы
Р/с

Олим­пи­а­да­лық емес спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
Жаз­ғы олим­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
Қы­сқы олим­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
Ұлт­тық спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
1
2
3
4
5
6
«А» то­бы
1.
Ка­ратэ-до ке­ку­шин­кай
Әй­ел­дер кү­ре­сі
Конь­ки те­бу спор­ты
Қа­зақ кү­ре­сі
2.
Ка­ратэ ке­ку­шин­кай
Бай­дар­ка мен ка­но­эде есу
Шай­бо­лы хок­кей
3.
Ки­о­ку­шин­кай кан ка­ратэ
Бас­кет­бол
Шорт-трек
4.
Спорт­тық ту­ризм
Бокс
5.
Сур­до же­ңіл ат­ле­ти­ка
Грек-рим кү­ре­сі
6.
Сур­до жү­зу
Дзю­до
7.
Ка­ратэ шин­ки­о­кун­шин­кай
Ер­кін кү­рес
8.
Жү­зу
9.
Ка­ратэ-до
10.
Көр­кем гим­на­сти­ка
11.
Қа­зір­гі бес­сай­ыс
12.
Қол до­бы
1
2
3
4
5
6
13.
Құз­ға өр­ме­леу
14.
Спорт­тық гим­на­сти­ка
15.
Стенд ату
16.
Су­ға се­кі­ру
17.
Трек­те­гі ве­ло­си­пед спор­ты
«В» то­бы
1.
Ав­то­мо­то­спорт
Ака­де­ми­я­лық есу
Конь­ки­мен мәнер­леп сыр­ға­нау
Асық ату
2.
Бо­ди­бил­динг
Во­лей­бол
Шаң­ғы жа­ры­сы
То­ғыз­құ­ма­лақ
3.
Би спор­ты
Же­ңіл ат­ле­ти­ка
4.
Гір спор­ты
Маун­тин­байк
5.
Джиу-джит­су
Оқ ату
6.
Кик­бок­синг
Са­дақ ату
7.
Қол кү­ре­сі
Сем­сер­ле­су
8.
Қо­ян-қол­тық кү­ре­сі
Су до­бы
9.
Му­ай­тай
Та­сжол­да­ғы ве­ло­си­пед спор­ты
10.
Пау­эр­лиф­тинг
Та­еквон­до
11.
Ра­дио спорт
Тен­нис
12.
Сам­бо және жа­уын­гер­лік сам­бо
Үй­ле­сім­ді жү­зу
13.
Спорт­тық бағ­дар­лау
Үстел тен­ни­сі
14.
Сур­до грек-рим кү­ре­сі
Фут­бол
15.
Сур­до ер­кін кү­рес
16.
Сур­до фут­бол
1
2
3
4
5
6
17.
Сур­до шах­мат
«С» то­бы
1.
Аль­пи­низм
Ауыр ат­ле­ти­ка
Кер­линг
Көк­пар
2.
Аэроб­ты гим­на­сти­ка
Ба­тут­та және ак­ро­ба­ти­ка­лық жол­да се­кі­ру
Құ­с­бел­гі­лік
3.
Бел­беу кү­ре­сі
4.
Ара­лас ұрыс өне­рі (ММА)
5.
Па­ра­шют­тік спорт
6.
Сур­до үстел тен­ни­сі
7.
Чер­ли­динг және чир спор­ты

Қолданыстағы