Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению для отдельных категорий граждан за счет средств областного бюджета

Қаулы · № 47 · қабылданған 20.02.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-11820/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению для отдельных категорий граждан за счет средств областного бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 47 ·20.02.2002
03.08.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению для отдельных категорий граждан за счет средств областного бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 47 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению для отдельных категорий граждан за счет средств областного бюджета
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47
Қабылданған күні
20.02.2002
Көрсетілген редакция
03.08.2009 11820_690736.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02N0001339
ЭКБ идентификаторы
11820
Редакция идентификаторы
11820_690736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:17

0 Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2009 № 297 қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбқа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы № 1900 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған мүгедектердiң жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшiн облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беру ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары С.Ә. Құлмағанбетовке жүктелсiн.

3 Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы әкiмиятының
2002 жылғы 20 ақпандағы
№ 47 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген санаттарын
санаторлық-курорттық емдеу үшiн облыстық бюджеттiң
қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беру
Ережесi
📌 Ескерту. Ереженің атауына өзгерістер енгізілді, кіріспесі алынып тасталды - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

i I. Жалпы ережелер

1 1. Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттарына емдеу жөнiндегi жеңiлдiктер, оларды әлеуметтiк қолдауға, сауықтыруға және бейiмдеуге бағытталған санаторлық-курорттық емдеудi қамтамасыз ету түрiнде берiледi.

📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

2 2. Санаторлық-курорттық жолдамаларды ақысыз алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылары құқылы.

📌 Ескерту. 2 тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - Қостанай облыстық әкімиятының 11.02.2004 № 30, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - 21.02.2005 № 62; 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облыстық әкімдігінің 13.01.2006 № 14 қаулыларымен.

3 3. Азаматтардың санаторлық-курорттық емдеу құжаттарын ресiмдеудi және есеп жүргiзудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (әрi қарай - уәкiлеттi орган) жүргiзедi.

📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

ii II. Қажеттi құжаттар тiзбесi

4 4. Тегiн санаторлық-курорттық емдеуге құқығы бар адам уақытын көрсетiп, уәкiлеттi органға арыз бередi.

Арызға төмендегi құжаттар тiркеледi:

1 1) азаматтың санаторлық-курорттық емге мұқтаждығы туралы жергiлiктi жердегi емдеу мекемесiнiң қорытындысы.

Санаторлық-курорттық емдеудiң қажеттiлiгi туралы емдеу мекемесiнiң қорытындысы тиiстi бланкiде ресiмделедi, оған тиiстi уәкiлеттi адам қол қойып, мөрмен растайды.
Қорытындыда мiндеттi түрде берiлген уақыты көрсетiледi.

2 2) арыз берушiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

3 3) алынып тасталды ;

4 4) Ұлы Отан соғысына қатысушысы куәлігінің көшірмесі.

📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62; 4-тармаққа 4) тармақшасына жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 13.01.2006 № 14 қаулыларымен.

5 5. алынып тасталды ;

1 1) алынып тасталды ;

2 2) алынып тасталды

📌 Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық әкімиятының 11.02.2004 № 30, 21.02.2005 № 62; 5 тармақ алынып тасталды - Қостанай облыстық әкімдігінің 13.01.2006 № 14 қаулыларымен.

6

6. Уәкiлеттi органға ақысыз санаторлық-курорттық емделудi қамтамасыз етуге қажет құжаттардың салыстыру үшiн түпнұсқасы және көшiрмесi тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн арыз берушiге құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады. Уәкiлеттi органның қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн растайды және iстi ресiмдейдi.

7 7. Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бiрi болмаса, ақысыз санаторлық-курорттық емделу мүмкiндiгi берiлмейдi.

8 8. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.

9 9. Уәкiлеттi орган азаматтардың санаторлық-курорттық емделуi үшiн ақысыз жолдамаларды берiлген арызға сәйкес кезек тәртiбiмен (тiркеу) бередi.

📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

10 10. Санаторлық-курорттық емделуге ақысыз жолдама беруден бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган арыз бергеннен кейiн 10 күн iшiнде арыз берушiге бас тартудың дәлелiн келтiрiп, жауап беруге мiндеттi.

11 11. Уәкiлеттi орган емделу үшiн санаторлық-курорттық жолдама бермеген жағдайда, ақшалай өтемақы төленбейдi.

📌 Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

12 12. Санаторлық-курорттық емделу жолдамасы календарлық жыл iшiнде бiр рет берiледi.

iii III. Санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу және беру тәртiбi

13 13. Санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларды "Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - департамент) облыстық бюджет есебiнен мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдылықтарға сәйкес алады.

📌 Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

13-1 13-1.

📌 Ескерту. 13-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен; 13-1 тармақ алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 13.01.2006 № 14 қаулысымен.

13-2 13-2. Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту»кіші бағдарламасы шеңберінде ақысыз санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етіледі.

📌 Ескерту. 13-2 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62; 13-2 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 13.01.2006 №14 қаулыларымен.

14 14. Уәкiлеттi орган ақысыз санаторлық-курорттық жолдама алуға құқылы азаматтардың тiзiмiн ресiмдейдi және ай сайын департаментке бередi.

📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62 қаулысымен.

15 15. Департамент уәкілетті органдардың берген тізімдеріне сәйкес санаторлық - курорттық емдеу жолдамаларын белгіленген мақсат бойынша пайдалану үшін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөліп береді.

📌 Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62; 13.01.2006 № 14 қаулыларымен.

16 16. Берiлген жолдамада уәкiлеттi орган азаматтың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлігінің нөмірі және берілген күні көрсетуге тиiс.

📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қостанай облысы әкімиятының 21.02.2005 № 62; 13.01.2006 № 14 қаулыларымен.

17 17. Санаторлық-курорттық емделуге берiлетiн жолдамаға уәкiлеттi органның бастығы, немесе оның орынбасары қол қояды және мөрмен растайды.

Қолданыстағы