Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Усть-Каменогорска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Усть-Каменогорска
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/8-VI
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2021 118200_571342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005433
- ЭКБ идентификаторы
- 118200
- Редакция идентификаторы
- 118200_571342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:23
0 Сот шешімімен Өскемен қаласының
коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сот шешімімен Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Өскемен қалалық мәслихатының
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25/8-VI шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы сот шешімімен Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Өскемен қаласының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
4 4. Қалдықтарды басқаруды коммуналдық қалдықтармен айналысу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде қала әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.