Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 152 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118207/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 152 ·22.12.2017
12.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 152 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
12.11.2018 118207_372430.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LD006134
ЭКБ идентификаторы
118207
Редакция идентификаторы
118207_372430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:36

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының  16-бабының  4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңның 29-бабының  6-тармағына  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының  15) тармақшасына  сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2

2. Шығындарды өтеу «Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы (бұдан әрі - уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3

3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№11342 болып тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

1 1) он сегіз жасқа толғанда;

2 2) қайтыс болғанда;

3 3) мүгедектігін алып тастағанда;

4 4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

5 5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

6 6) Қазалы ауданы шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

5 5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Т.ДҮЙСЕБАЕВ
«22» желтоқсан 2017 жыл.

Қолданыстағы