Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Бұйрық · № 430 · қабылданған 27.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118319/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 430 ·27.12.2017
27.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 430 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
430
Қабылданған күні
27.12.2017
Көрсетілген редакция
27.12.2017 118319_289273.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016260
ЭКБ идентификаторы
118319
Редакция идентификаторы
118319_289273
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:19

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 69 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9926 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

1

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12158 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы