Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152/27
- Қабылданған күні
- 12.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 118333_540974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PD005826
- ЭКБ идентификаторы
- 118333
- Редакция идентификаторы
- 118333_540974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:06
0 Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 152/27 шешімімен
бекітілді
Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
4 4. Иесіз қалдықтарды басқару Ақтоғай ауданының әкімдігімен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырылады.
5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.
2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.