Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05-16/190
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2018 118378_356122.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LG006144
- ЭКБ идентификаторы
- 118378
- Редакция идентификаторы
- 118378_356122
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:23
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық
маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2
2. Шығындарды өтеуді «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
3
3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25 - қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4 4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
1 1) он сегіз жасқа толғанда;
2 2) қайтыс болғанда;
3 3) мүгедектігін алып тастағанда;
4 4) интернат - үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
5 5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
6 6) Жаңақорған ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан
бастап тоқтатылады.
5
5. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/147 Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5951 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қарашасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Т. Дүйсебаев
«26» желтоқсан 2017 жыл