О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 521
- Қабылданған күні
- 28.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2017 118401_287419.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016230
- ЭКБ идентификаторы
- 118401
- Редакция идентификаторы
- 118401_287419
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:15
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 9-1/633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11876 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2
2) «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13097 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;