Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых совместных приказов

Бұйрық · № 480 · қабылданған 12.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118465/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых совместных приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 480 ·12.07.2017
12.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых совместных приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 480 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых совместных приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
480
Қабылданған күні
12.07.2017
Көрсетілген редакция
12.07.2017 118465_288774.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016065
ЭКБ идентификаторы
118465
Редакция идентификаторы
118465_288774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:30

0 Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды

деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналардың:

1

1) «Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 08-1/7, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2341 болып тіркелген);

2

2) «№ 2341 болып тіркелген Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қантардағы № 08-1/7, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Бас прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 443, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 сәуірдегі № 08-1/124, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 01 қыркүйектегі № 169, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 47, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 30 қазандағы № 318, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 19, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 наурыздағы № 118 және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 109 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеудi;

2

2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жолдауды;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары басшыларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
_____________Ж. Асанов
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің бастығы
_____________А. Күреңбеков
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
төрағасы
_____________Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_____________Қ. Әбдірахманов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнің төрағасы
_____________К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________Қ. Қасымов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
_____________Қ. Мәми

Қолданыстағы