Құжат мәтініне өту

Об определении единого организатора государственных закупок

Қаулы · № 02/01 · қабылданған 18.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118490/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении единого организатора государственных закупок Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 ·18.01.2018
19.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении единого организатора государственных закупок

Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении единого организатора государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02/01
Қабылданған күні
18.01.2018
Көрсетілген редакция
19.03.2019 118490_401736.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KK004594
ЭКБ идентификаторы
118490
Редакция идентификаторы
118490_401736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:04

0 Мемлекеттік сатып алуды

бірыңғай ұйымдастырушысын
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

3

3. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 02/02 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4121 тіркелген, №3 (1193) 2017 жылдың 21 қаңтарында аудандық "Бұқар жырау жаршысы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 3 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 18 қаңтардағы
№02/01 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы
1.
Жұмыстар және қызметтер:
1.1
Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі немесе орташа жөндеуі
1.2
Сумен жабдықтау және су тарту нысандарының күрделі жөндеуі
1.3
Мәдениет, білім және спорт саласындағы нысандарының күрделі жөндеуі
1.4
Жаңа нысандардың құрлысы немесе бар нысандардың қайта жаңартылуы
2.
Тауарлар:
2.1.
А4 қағазы, факске арналған қағаз

Қолданыстағы