Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений
- Атауы (қаз.)
- Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 12.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 118506_447892.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005885
- ЭКБ идентификаторы
- 118506
- Редакция идентификаторы
- 118506_447892
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:06
0 Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15846) сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен
Бекітілген
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, жазбаша келісу немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15846) бекітілген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4 4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мемлекеттiк қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады.
Нәтижесі – түскен құжаттарды тіркеу;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде орындауға жолдайды.
Нәтижесі –орындауға жолдайды;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 (он екі) күнтізбелік күні ішінде түскен құжаттарды заңға сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттары толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 (екі) жұмыс күннің ішінде дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
Нәтижесі – орындау, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауапқа 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қою немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауабын жолдайды.
Нәтижесі – тіркейді, мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсынады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
3 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде орындауға жолдайды;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 (он екі) күнтізбелік күні ішінде түскен құжаттарды заңға сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды немесе, Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттары толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 (екі) жұмыс күннің ішінде дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауапқа 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8 8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдердің (іс- әрекеттердің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
34 «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру
жобасын келісу және беру»
регламентіне қосымша
Мемлекеттікқызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
35 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен
Бекітілген
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15846) бекітілген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4 4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мемлекеттiк қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады.
Нәтижесі – түскен құжаттарды тіркеу;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде орындауға жолдайды.
Нәтижесі –орындауға жолдайды;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 (он екі) күнтізбелік күні ішінде түскен құжаттарды заңға сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды немесе, Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттары толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 (екі) жұмыс күннің ішінде дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
Нәтижесі – орындау, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауапқа 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қою немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауабын жолдайды.
Нәтижесі – тіркейді, мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсынады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
3 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде орындауға жолдайды;
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 (он екі) күнтізбелік күні ішінде түскен құжаттарды заңға сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды немесе, Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттары толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 (екі) жұмыс күннің ішінде дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауапқа 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауабын жолдайды.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8 8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдердің (іс- әрекеттердің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
59 «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен
бөлінбейтіндігін айқындау»
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы