Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил составления плана ротации и списка военнослужащих, не включаемых в план ротации

Бұйрық · № 9 · қабылданған 09.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118507/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил составления плана ротации и списка военнослужащих, не включаемых в план ротации Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·09.01.2018
15.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил составления плана ротации и списка военнослужащих, не включаемых в план ротации

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил составления плана ротации и списка военнослужащих, не включаемых в план ротации
Атауы (қаз.)
Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
09.01.2018
Көрсетілген редакция
15.01.2024 118507_683404.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016277
ЭКБ идентификаторы
118507
Редакция идентификаторы
118507_683404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:08

0 Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен
бекітілген
Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) сәйкес әзірленді және ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тізімін жасау тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау тәртібі

2 2. Әскери қызметшілерді ротациялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр органы жыл сайын жасайтын әскери қызметшілерді ротациялау жоспары (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Әскери қызметшілерді ротациялау ол бекітілген жылдан кейінгі күнтізбелік жыл ішінде әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындау арқылы әскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүргізіледі.

Ротациялау жоспары Әскери қызмет өткеру қағидаларының 83-тармағында айқындалған жағдайлар туындаған әскери қызметшілерге қатысты жасалады.
Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) жасалады.
Тізімге Әскери қызмет өткеру қағидалары 84-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және әскери қызмет мүддесінде Әскери қызмет өткеру қағидаларының 45-тармағы негізінде екінші мерзімге лауазымында қалатын әскери қызметшілер енгізіледі.

4 4. Ротациялау жоспары мен Тізімге әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қол қояды және жыл сайын 10 желтоқсанға дейін жеке құрам бойынша бұйрық шығару құқығы берілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған лауазымды адамдар тізбесінен лауазымды адам бекітеді.

Ротациялау жоспары мен Тізімді жоғары әскери басқару органымен келісу жүзеге асырылмайды.

5 5. Ротациялау жоспарына не Тізімге өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.

6 6. Бекітілген Ротациялау жоспарынан және Ротациялау жоспарына өзгерістерден үзінді оны бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бағынысты әскери бөлімдерге (мекемелерге) жолданады және тиісті командирлер (бастықтар) әскери қызметшілерге жеткізеді.

7 7. Ротациялау шарттары:

1 1) әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуының күнтізбелік бесжылдық мерзімі;

2 2) офицерлер құрамы үшін:

осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерде бір әскери бөлімде (бөлімшеде) үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік үшжылдық мерзімі;
осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерде бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік бесжылдық мерзімі;
климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерге жатпайтын бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік сегіз жыл мерзімі (стратегиялық, жедел-стратегиялық әскери басқару органында қызмет өткеретіндерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушы құрамын қоспағанда) болып табылады.
Магистратурада немесе докторантурада күндізгі оқу уақыты бір гарнизонда әскери қызмет өткеру мерзіміне есептелмейді.

8 8. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) ротациялау жүргізу нәтижесі туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын 5-і күніне қарай жоғары тұрған кадр органдарына баяндайды.

2.4 20___ жылға арналған ______________________________________________ әскери қызметшілерін (басқару органының атауы) ротациялау жоспары

Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
20__ жылғы « ___» _________
20___ жылға арналған ______________________________________________ әскери қызметшілерін
(басқару органының атауы)
ротациялау жоспары
Р/с №
Әс­ке­ри ата­ғы
Те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы, ла­у­а­зым­да қай уа­қыт­тан ба­стап, штат­тық- ла­у­а­зым­дық са­на­ты
Ту­ған кү­ні, ұл­ты, бі­лі­мі, бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­де қай уа­қыт­тан ба­стап, ке­лі­сім­шар­ттың аяқ­та­лу кү­ні
Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің от­ба­сы құ­ра­мы
Ро­та­ци­я­лау үшін негіз­де­ме
Жос­пар­ла­на­тын (ұсы­ны­ла­тын) ла­у­а­зым, штат­тық- ла­у­а­зым­дық са­на­ты
Ес­керт­пе

2.5 Ротациялау жоспарын және

ротациялау жоспарына енгізілмейтін
әскери қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
20__ ж. « ___» _________
20___ жылға арналған ______________________________________________
(басқару органының атауы)
ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі
Р/с №
Әс­ке­ри ата­ғы
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы, ла­у­а­зым­да қай уа­қыт­тан ба­стап, штат­тық- ла­у­а­зым­дық са­на­ты
Ту­ған кү­ні, ұл­ты, бі­лі­мі, бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­де қай уа­қыт­тан ба­стап, ке­лі­сім­шар­ттың аяқ­та­лу кү­ні
Әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің от­ба­сы құ­ра­мы
Ро­та­ци­я­лау үшін бар шар­ттар
Ро­та­ци­я­лау жос­па­ры­на ен­гіз­беу үшін негіз­де­ме
Ес­керт­пе

2.6 Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 3 жылдан аспайтын климаттық жағдайы ауыр жергілікті жердегі әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) тізбесі

Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына енгізілмейтін
әскери қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына 3-қосымша
Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 3 жылдан аспайтын климаттық жағдайы ауыр жергілікті жердегі әскери бөлімдердің
(бөлімшелердің) тізбесі
Р/с

Гар­ни­зон (әс­ке­ри бө­лім (бө­лім­ше)
ата­уы
Ел­ді ме­кен ата­уы
1.
51809-Г әс­ке­ри бө­лі­мі
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның
Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы
2.
30153 әс­ке­ри бө­лі­мі­нің авиа­ци­я­ны ба­ғыт­тау пунк­ті
51809-В әс­ке­ри бө­лі­мі
51809-Ж әс­ке­ри бө­лі­мі
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жа­ңа­қа­ла ауда­ны­ның Жа­ңа­қа­зан кен­ті
Ақ­тө­бе об­лы­сы Мұ­ғал­жар ауда­ны­ның Жем қа­ла­сы
3.
31767-Ж әс­ке­ри бө­лі­мі
Абай об­лы­сы Үр­жар ауда­ны­ның Ма­қан­шы кен­ті
4.
97617-В әс­ке­ри бө­лі­мі
Ал­ма­ты об­лы­сы Рай­ым­бек ауда­ны­ның На­рын­қол кен­ті
5.
97368 әс­ке­ри бө­лі­мі
31767-Е әс­ке­ри бө­лі­мі
31767-И әс­ке­ри бө­лі­мі
47007 әс­ке­ри бө­лі­мі
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Ал­тай ауда­ны­ның Се­реб­рянск қа­ла­сы,
Күр­шім ауда­ны­ның Бо­ран кен­ті,
Тар­ба­ға­тай ауда­ны­ның Тұ­ғыл кен­ті,
Абай об­лы­сы Жар­ма ауда­ны­ның Жаң­ғызтө­бе кен­ті
6.
31767-Д әс­ке­ри бө­лі­мі
Же­ті­су об­лы­сы Ала­көл ауда­ны­ның До­стық кен­ті

2.7 Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 5 жылдан аспайтын климаттық жағдайы ауыр жергілікті жер тізбесі

Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына
4-қосымша
Әскери қызмет өткерудің шекті мерзімі 5 жылдан аспайтын
климаттық жағдайы ауыр жергілікті жер тізбесі
Ақмола облысында – Аршалы, Жарқайың, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандары (Астана қаласын қоспағанда), Сілеті ауылдық округі және Степногорск қаласы;
Ақтөбе облысында – Байғанин және Мұғалжар аудандары;
Алматы облысында – Жамбыл, Іле, Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Қонаев, Қарасай, Балқаш аудандары;
Жетісу облысында – Алакөл, Ескелді аудандары (Талдықорған қаласын қоспағанда), Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқанд аудандары, Текелі қаласы және Ақсу ауылы;
Атырау облысында – облыстың барлық аумағы;
Шығыс Қазақстан облысында – Қатонқарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Жаңасемей, Таскескен аудандары;
Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма аудандары, Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округі, Семей және Курчатов қалалары;
Жамбыл облысында – Қордай, Мойынқұм Талас, Байзақ және Шу аудандары және Жаңатас қаласы;
Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала және Бөкейорда аудандары, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі;
Қарағанды облысында – Абай, Нұра, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары, Балқаш, Приозерск қалалары, Шет ауданының Ағадыр ауылдық округі;
Ұлытау облысында – Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары және Жәйрем кенті;
Қостанай облысында – Арқалық қаласы;
Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағы;
Маңғыстау облысында – Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандары (Өмірзақ ауылын қоспағанда), Ақтау, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалалары;
Павлодар облысында – Май және Лебяжі аудандары;
Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданы;
Оңтүстік Қазақстан облысында – Созақ, Сарыағаш аудандары (Келес ауылдық округін қоспағанда), Түркістан және Сарыағаш қалалары.

2.8 Ротациялау жоспарын және

ротациялау жоспарына
енгізілмейтін әскери
қызметшілердің тізімін жасау
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
20__ жылғы ___ тоқсан бойынша _____________________________
(басқару органының атауы)
әскери қызметшілерін ротациялауды жүргізу нәтижесі туралы
мәліметтер
Р/с

Ро­та­ци­я­лау жос­па­ры­на ен­гі­зі­л­ген әс­ке­ри қыз­мет­ші са­ны
Олар­ға қа­ты­сты ро­та­ци­я­лау жүр­гі­зі­л­ген әс­ке­ри қыз­мет­ші са­ны, оның ішін­де:
Ес­керт­пе
жо­ға­ры
тең
тө­мен

Қолданыстағы