Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Каратальского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Каратальского района
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2018 118522_288229.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DL004511
- ЭКБ идентификаторы
- 118522
- Редакция идентификаторы
- 118522_288229
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:08
0 Қаратал ауданының
коммуналдық меншігіне
келіп түскен, қараусыз
қалған жануарларды
келіп түсу және пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республиқасы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайданалану қағидалары бекітілсін.
2 2. «Қаратал ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыныны Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қаратал ауданы әкімдігінің интернет сайтында жариялауды қамтамасыз етсін;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Ш. Тасыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қаратал ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «8» қаңтар № 20 қаулысымен бекітілген қосымша
Қаратал ауданының коммуналдық
меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған
жануарларды келіп түсу және пайданалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайданалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
2 2. Жануарлардың Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі
3
3. Қараусыз қалған жануарлардың Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, «Қаратал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қаратал аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру
5
5. Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды Қаратал ауданының коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі жүзеге асырады.
6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, жануарларды аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиісті әкімдер аппараттарының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау - тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады.
4 4. Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі
7 7. Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
1 1) қосалқы, шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
2 2) аукцион арқылы сату;
3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.
8 8. Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.
5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
9
9. Жануарлар Қаратал ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрыңғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде - ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.