Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства

Қаулы · № 4 · қабылданған 16.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118545/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 4 ·16.01.2018
03.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 4 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
16.01.2018
Көрсетілген редакция
03.10.2018 118545_360815.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18Z0005056
ЭКБ идентификаторы
118545
Редакция идентификаторы
118545_360815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:05

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын

дамытуды, мал шаруашылығының
өнiмдiлiгiн және өнім сапасын
арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша субсидиялаудың кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда №14813 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;

2

2) жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;

3 3) дистрибьютерлік орталықтар мен жеткізушілерге қойылатын өлшемшарттар мен талаптар бекітілсін.

2 2. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4

4. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

2018 жылғы 16 қаңтардағы №4
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім
сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия сомасы,
мың теңге
Етті мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
1.1
Тауарлы аналық бас
1)
базалық норматив
бас
10 000
82 500
825 000
2)
қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
8 000
35 501
284 008
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
6 000
5 460
32 760
1.2
Асыл тұқымды аналық бас
1)
базалық норматив
бас
10 000
13 690
136 900
2)
қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20 000
5 321
106 420
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15 000
287
4 305
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
бас
150 000
4 550
682 500
Барлық сомасы
2 071 893
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Асыл тұқымды аналық бас
1)
базалық норматив
бас
10 000
823
8 230
2)
қосымша норматив:
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20 000
380
7 600
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15000
47
705
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы
бас
170 000
50
8 500
3.
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату:
1)
бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық
кг
25
768 000
19 200
2)
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық
кг
15
1 040 000
15 600
3)
ауыл шаруашылығы кооперативтері
кг
10
500 050
5 000,5
Барлық сомасы
64 835,5
Мал шаруашылығы
1.
100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
1)
400-ден 450 килограмға дейін
бас
45 000
2 071
93 195
2)
451-ден 500 килограмға дейін
бас
60 000
496
29 760
3)
501-ден 550 килограмға дейін
бас
65 000
345
22 425
4)
551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары
бас
75 000
150
11 250
2.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
бас
20 000
650
13 000
3.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 146
3 500
18 011
4.
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу
бас
100 000
150
15 000
Барлық сомасы
202 641
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:
1)
50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс
дана
2,2
55 605
000
122 331
Барлық сомасы
122 331
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1)
асыл тұқымды қойлардың аналық басы
бас
2 500
9 706
24 265
2)
тауарлы қойлардың аналық басы
бас
1 500
46 667
70 000,5
2.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу:
1)
тұсақтар
бас
8 000
620
4 960
2)
тұқымдық қошқарлар
бас
20 000
1 105
22 100
3.
Қозы етін өндіру құнын арзандату
бас
1 500
5 607
8 411
Барлық сомасы
129 736,5
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
бас
100 000
57
5 700
2.
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
бас
40 000
120
4 800
Барлық сомасы
10 500
Барлығы
2 601 937
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
кг – килограмм;
млн – миллион.

11 Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі

2018 жылғы «16» қаңтардағы № 4
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Мал шаруашылығы
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 146

12 Дистрибьютерлік орталықтар мен жеткізушілерге қойылатын өлшемшарттар мен талаптар

2018 жылғы «16» қаңтардағы № 4
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Дистрибьютерлік орталықтар мен жеткізушілерге қойылатын өлшемшарттар мен талаптар

Субсидиялау бағыттары
Өлшемшарттар мен талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы.
2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасының болуы.
3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және буаздыққа зерттеп-қарау актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы.
4. Отандық асыл тұқымдық орталықтың асыл тұқымды материалын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы.
5. Ағымдағы шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторы анықтамасының түпнұсқасының болуы (жылына бір рет немесе банктік шот ауысқан жағдайда беріледі).

13 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

2018 жылғы «16» қаңтардағы № 4
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №91 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4785 тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

2

2. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №91 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4892 тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы №217 қаулысы;

3

3. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №91 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4966 тіркелген, 2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы №286 қаулысы;

4

4. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №91 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4992 тіркелген, 2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №315 қаулысы.

Қолданыстағы