О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Таскалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Таскалинского района
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 22.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2018 118558_288695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZK005055
- ЭКБ идентификаторы
- 118558
- Редакция идентификаторы
- 118558_288695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:03
0 Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзашқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тасқала ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «22» қаңтардағы
№ 8 қаулысына қосымша
Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 51 «Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 наурызда № 3858 тіркелген, 2015 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
2
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 52 «Тасқала ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 наурызда № 3857 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысы;
3
3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 122 «Тасқала ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 мамырда № 3542 тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымда «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысы.