Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Целиноградского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Целиноградского района
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 176/24-6
- Қабылданған күні
- 17.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2021 118588_540527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BQ006380
- ЭКБ идентификаторы
- 118588
- Редакция идентификаторы
- 118588_540527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:05
0 Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
________________М. Тәткеев
17.01.2018
3 Целиноград аудандық мәслихатының
2018 жылғы 17 қаңтардағы
№ 176/24-6 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық
меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Целиноград ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Иесіз қалдықтарды Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Целиноград ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – аудан әкімдігі) жүзеге асырады.
4 4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында аудан әкімдігімен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдатыратын орган ретінде «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекция және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2- тарау. Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.