Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по вопросам регистрации и учета химической продукции

Бұйрық · № 815 · қабылданған 24.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118597/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по вопросам регистрации и учета химической продукции Қолданыста Бұйрық ·№ 815 ·24.11.2017
24.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по вопросам регистрации и учета химической продукции

Қолданыста Бұйрық ·№ 815 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по вопросам регистрации и учета химической продукции
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
815
Қабылданған күні
24.11.2017
Көрсетілген редакция
24.11.2017 118597_300112.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016439
ЭКБ идентификаторы
118597
Редакция идентификаторы
118597_300112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:10

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасын Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді тiркеу мемлекеттiк тізілімінде № 11367 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабымен белгіленген, талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.»;
2) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде құжаттарды қарастырады және химиялық өнімді тіркеу туралы шешім қабылдайды не осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда және негiздер бойынша химиялық өнімді тіркеуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
1) өтініш беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) химиялық өнімді тіркеу туралы куәлігін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) алу үшін ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау;
2) химиялық өнімді тіркеу үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Заңның 14-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
201_ жылғы «__»__________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ Ө. Шөкеев
201_ жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
201_ жылғы «__»__________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
201_ жылғы «__»__________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
201_ жылғы «__»__________

Қолданыстағы