Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 01 · қабылданған 12.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118619/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 01 ·12.01.2018
08.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 01 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01
Қабылданған күні
12.01.2018
Көрсетілген редакция
08.05.2019 118619_404069.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SD004560
ЭКБ идентификаторы
118619
Редакция идентификаторы
118619_404069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:06

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 28 шілдеде №14010 Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «12» қаңтардағы
№ 01 қаулысына
қосымша
Ақжар ауданы бойынша
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгіленген жұмыс орындары квоталары бар ұйымдар тізімі

р/н
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің саны
Квота мөлшері (қызметкерлердің саны %)
Жұмыс орындарының нақты квотасы
Жұмыс істейтін мүгедектер саны
Жұмыс орындарының саны
1
«Горьковское и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
2
2
-
2
2
«Талшық Астық ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
65
2
1
-
1
3
«Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
70
2
1
-
1
4
«Талшық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
71
2
1
-
1

Қолданыстағы