Об установлении ограничительных мероприятий на территории зимовки «Разведка» товарищества с ограниченной ответственностью Агрофирма «Ақжар Өндіріс», расположенного в Акшиманском сельском округе Майского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории зимовки «Разведка» товарищества с ограниченной ответственностью Агрофирма «Ақжар Өндіріс», расположенного в Акшиманском сельском округе Майского района
- Атауы (қаз.)
- Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан «Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Разведка» қыстағының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 31.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2019 118651_394881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PJG05847
- ЭКБ идентификаторы
- 118651
- Редакция идентификаторы
- 118651_394881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:57
0 Май ауданы Ақшиман селолық
округінде орналасқан
«Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
«Разведка» қыстағының аумағында
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақшиман селолық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан «Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Разведка» қыстағының аумағында ұсақ малдан (ешкі) бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекция» (келісім бойынша), «Май ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық- санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
3 3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылық министрлігі
ветеринарлық бақылау және қадағалау
Комитетінің Май аудандық аумақтық
инспекциясы » мемлекеттік мекемесінің
басшысы Н. Жумабаев
2018 жылғы «31» қаңтар
«Май ауданының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Е. Ахметов
2018 жылғы «31» қаңтар