Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Караоба Сарыкольского района Костанайской области

Өзге акт · № 1 · қабылданған 19.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118669/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Караоба Сарыкольского района Костанайской области Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·19.01.2018
19.01.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Караоба Сарыкольского района Костанайской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Караоба Сарыкольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
19.01.2018
Көрсетілген редакция
19.01.2018 118669_290542.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NQE07503
ЭКБ идентификаторы
118669
Редакция идентификаторы
118669_290542
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:04

0 Қостанай облысы Сарыкөл

ауданы Қараоба ауылының
аумағында шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-20/199 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінде орналасқан Қараоба ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 1 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7104 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Cарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Е.Қ. Құрманов
2018 жылғы 19 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ С.С. Ибраева
2018 жылғы 19 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ш.Ж. Сатубалдин
2018 жылғы 19 қаңтар

Қолданыстағы