Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 539
- Қабылданған күні
- 26.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2019 118696_388751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VC005483
- ЭКБ идентификаторы
- 118696
- Редакция идентификаторы
- 118696_388751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:00
0 Ата-анасынан кәмелеттік
жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;
3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұымдардың тізімі
Курчатов қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «26» қаңтардағы
№ 539 қаулысына қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұымдардың тізімі
№ р/н
Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы
Жұмыскерлер саны
Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)
Жұмыс орындарының саны, адамдар
1
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның құрылымдық бөлімдері
1626
1
16
2
«Балапан көлігі» Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
424
1
4
3
Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
363
1
4
4
«Курчатов Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
138
1
1
5
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
129
1
1
6
Курчатов қаласы әкімдігінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны
63
1
1
7
«Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
1
1
8
«Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
1
1
9
«Курчатов қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
1
1
10
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
175
1
2